64
Активтенген С1 молекуласы жасуша
мембранасындағы сәйкес
орталықтармен байланысады және С4 пен С2 молекулаларының
активтенуі мен ыдырауын шақыратын каталитикалық орталық қызметін
атқарады. С4 компоненті 2 фрагментке ыдырайды: С4а және С4b. С2
компоненті де С2а және С2b фрагменттеріне ыдырайды (9-шы сурет).
С2 және С4 молекулаларының
әрбір жұбы ыдырған жағдайда
түзілген С4а мен 2b сұйық фазаға өтеді, ал қалған С4b мен С2а
фрагменттері С4-2 кешенін түзеді. Ол кешен С1 молекуласынан босайды
да жасуша мембранасымен байланысады. Ал босаған С1 келесі С4 пен С2
молекулаларын ыдыратады. Осылайша эффект үдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: