Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-хелпер-2 (Тх2) шырышты қабат микроайналымында Тх0-



Pdf көрінісі
бет99/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   296
Т-хелпер-2 (Тх2) шырышты қабат микроайналымында Тх0-
жасушасына 
антигендi 
негiзiнен 
дендриттi 
жасушалар 
таныстырғанда түзiледi.
Тх2-дiң түзiлуiн ынталандыратын негiзгi цитокинге ИЛ-4 
жатады. Бiраз мөлшерде ИЛ-4 Тх0-жасушалары өндiредi. Сонымен қатар, 
ИЛ-4 цитокинiн шырышты қабаттардың базофилдерi мен мес жасушалары 
өндiредi. ИЛ-4 Тх2 түзiлуiне ықпал етумен қатар Тх1 түзiлуiн тежейдi.
Сонымен қатар, Тх2 түзiлуiне шырышты қабаттардың эпителий 
жасушаларымен өсушi трансформациялаушы фактор  (TGF-) әсер етедi. 
Тх2 белсенуi үшiн ИЛ-1 де ынталандырушы әсерi керек. 
Тх1 мен Тх2 белгiлi бiр жиынтықтағы цитокиндердi өндiредi, кейбiр 
цитокиндердi хелперлердiң екi субпопуляциясы да өндiредi. Ал кейбiр 
цитокиндер тек бiр субпопуляцияға ғана тән болады. 
Тх1-жасушалары ИЛ-2 синтездеуiн жалғастырады және IFN-


ИЛ-3 және хемотаксистi ынталандыратын ИЛ-8 өндiре бастайды. 
Сондай-ақ гранулоцитарлы-макрофагалдi колониестимулдаушы фактор 
(ГМ-КСФ), iсiкнекроздаушы фактор  және  (TNF-

және TNF-

), 
лейкоциттердiң миграциясын тежейтiн фактор (ФУМ), макрофагты 
қаруландырушы 
фактор 
(МАҒ), 
сонымен 
қатар 
дәнекер 
тiн 
жасушаларының пролиферациясы мен фибробласттарда коллагеннiң 
өндiрiлуiн жоғарылататын факторларды өндiре бастайды. Аталған 
лимфокиндер негiзiнен жасушалық түрдегi иммундық жауаптың дамуына 
ықпал жасайды. 
Тх2-жасушалары Тх1-жасушаларынан айырмашылығы, олар ИЛ-2 
мен IFN-

өндiрмейдi, бiрақ үлкен мөлшерде ИЛ-4 өндiредi. Сонымен 
қатар, Тх2-жасушалары ИЛ-3, 5, 8, 10, 13 және ГМ-КСФ өндiредi. Қорыта 
келгенде, ИЛ-3, 8 және ГМ-КСФ Тх1 мен Тх2 үшiн ортақ цитокиндер 
екендiгiн байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет