Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Макрофагтардың секреторлық қызметі



Pdf көрінісі
бет122/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
Макрофагтардың секреторлық қызметі 
Моноциттер/макрофагтар  белсенді  секреторлы  жасушалар  болып 
табылады.  Олар  100-ден  артық  әртүрлі  молекулаларды  өндіруге  және 
бөлуге  қабілеті  бар.  Олардың  көпшілігі  индуцибелді,  кейбір  қосылыстар 
ғана (өсу факторлары, лизоцим) үнемі өндіріледі.  
Моноциттер  мен  макрофагтар  өндіретін  барлық  өнімдерді  келесі 
топтарға бөлуге болады: 
  Арнайы  емес  жұқпаға  қарсы  қорғаныс  факторлары:  пероксидаза, 
оттегінің  белсенді  түрлері,    катионды  нәруыздар,  лизоцим  және 
интерферон;  
  Жасушасыртылық  нәруыздар  үшін  белсенді  ферменттер.  Оларға 
коллагеназа,  эластаза,  плазминоген  активаторы  және  лизосомды 
ферменттер  (қышқыл гидролазалар) жатады. Бұл өнімдердің бөлінуі 


 
81 
лимфокиндер, 
иммундық 
кешендер, 
микроб 
қабырғасының 
компоненттері  және  басқа  да  бірқатар  стимулдардың  әсерінен 
белсендіріле түседі. 
  Әртүрлі  физиологиялық  үрдістердің  медиаторы  мен  модуляторы 
болып  келетін  биологиялық  белсенді  заттар:  простагландиндер, 
лейкотриендер және циклдық нуклеотидтер; 
  Иммундық  серпілістерді белсендіретін және реттейтін заттар. 
Бұл топқа ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-12, TNF-α, ГМ-КСФ, М-КСФ, ФУМ, 
IFN-α  және  басқа  да  цитокиндер  кіреді.  Сонымен  қатар  макрофагтар 
комплемент жүйесі мен пропердин жүйесінің нәруыздарын өндіреді. 
Макрофагтар  аутокринді  реттелуді  және  басқа  да  жасушалар 
пролиферациясының 
реттелуін 
(фибробласттардың 
өсу 
факторы)  
қамтамасыз ететін өсу факторларын өндіреді және бөледі. Монокиндердің 
ішінде әртүрлі жасушалар үшін хемокиндер де кездеседі. Макрофагтардың 
өнімдері қан тамырларының эндотелиіне лейкоциттердің адгезиясын және 
олардың трансэндотелиалды миграциясын қамтамасыз етеді (TNF-α, ИЛ-8 
және  басқалары).  Қабыну  алды  цитокиндеріне  жауап  ретінде  ГМ-КСФ 
өндіретін  жасушалардың  қатарына  макрофагтар  да  кіреді.  ГМ-КСФ  өсу 
факторы қызметінен басқа бірқатар иммундық реттегіш қызмет атқарады: 
макрофагтар  мен  нейтрофилдердің  фагоцитозын  және  антиденеге  тәуелді 
жасушалық  цитотоксикалық  механизмді  күшейтеді,  моноциттермен 
қабыну  алды  цитокиндері  ИЛ-1  мен  TNF-α  өндірілуі  мен  бөлінуін 
шақырады.  Сонымен  қатар,  моноциттер/макрофагтар  ЛПС,  TNF-α  немесе 
IFN-γ әсерінен нейтрофилдердің арнайы гемопоэтині - Г-КСФ өндіреді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет