Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет128/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
Дендритті жасушалар 


 
88 
Қазіргі  кезде  дендритті  жасушалар  макрофагтар  сияқты  бетінде 
CD34 антигені бар ізашар миелоидты  жасушалардан түзілетіні белгілі 
болды. Ал альтернативті даму жолын цитокиндер анықтайды. 
М-КСФ болған кезде, бірақ ісікті некроздаушы фактор-α (TNF-α) мен 
ГМ-КСФ  болмаған  жағдайда  миелопоэздің  ізашарлары  макрофагтар 
бағытында дифференцияланады. 
Осы  жасушалар  ИЛ-4,  ГМ-КСФ  және  TNF-α  әсерінен  дендритті 
жасушаларға дифференцияланады. 
Қан  моноциттері  де  ИЛ-4  пен  ГМ-КСФ  әсерінен  дендритті  жасушаға 
дифференциялана 
алады. 
Ал 
IFN-γ 
моноциттерден 
дендритті 
жасушалардың түзілуін тежейді.  
Адамда  ДЖ  ас-қорыту  жолының,  тыныс  жолдарының,  жыныс 
жолының  шырышты  қабаттарында,  сонымен  қатар  шеткері  қанда  және 
барлық лимфоидты мүшелерде, тимуста кездеседі 
Ізашар  жасушалардан  түзілу  үрдісі  кезінде  МФ  мен  ДЖ  өзара 
әрекеттесетіні анықталған. ДК мен МФ атқаратын қызметтері ортақ. Олар: 
антигендерді  ұстау,  өңдеу  және  оларды  таныстыру.  Осы  жасушалар  өзара 
жасушааралық кооперацияға түспейді деп айту өте қиын.  
Дендритті  жасушалардың  макрофатардан  айырмашылығы  оларда 
фагоцитоз  механизмі  жоқ.  Сонымен  қатар  антигенді  жасушаішілік 
деградацияға  ұшырататын  лизосомды  ферменттердің  жиынтығы  да 
макрофагтарда  кеңірек.  Ал  дендритті  жасушаларда  біріншілік  иммундық 
жауап 
кезінде 
«аңқау» 
Т-лимфоциттерді 
белсендіруге 
қажетті 
костимулдаушы  аппарат  бар.  ДЖ  мен  МФ  өзара  әрекеттесуі  цитокиндер 
арқылы  да  жүреді.  Мысалы,  МФ  өндіретін  ИЛ-1  мен  TNF-α  цитокиндері 
сәйкес рецепторлар арқылы ДЖ әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет