иммуногендік кешен түзеді.
Гольджи аппараты арқылы бұл Т-киллерлер үшін тануға қолайлы
түрдегі иммуногендік кешен жасуша бетіне тасымалданады. Дендритті
жасуша
бетінде
экспрессияланған
В7
молекуласынан
екінші
костимулдаушы белгіні алған Т-киллерлер белсенеді және бірқатар
цитокиндерді бөле бастайды, соның ішінде ИЛ-2 мен IFN-γ. Аталған
цитокиндер Т-киллерлердің сәйкес рецепторлары арқылы аутокринді әсер
етіп
жетілген эффекторлы Т-киллерлердің (иммунды киллер) пролиферациясы мен диффренцировкасын шақырады. Жетілген Т-
киллердің осындай вируспен зақымдалған организмнің басқа да
жасушаларына (вируспен зақымдалған жасуша бетінде вирус пептидтері І
класс МНС молекуласымен байланысқан кешен түрінде болады) шабуыл
жасауға қабілеті болады.
Нәруыз антигендерінің пептидті фрагменттері немесе вирусты
пептидтерІІ класс МНС молекуласымен байланысқан иммуногендік кешентүрінде ДЖ бетіне шыққан жағдайда, иммундық жауапқа CD4-
лимфоциттер қосылады. Сондықтан жасушалық және гуморалдық
иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкін. Иммундық жауаптың қалыптасуында Лангерганс жасушалары ерекше орын алады. Бұрын оларды тіндік макрофагтарға жатқызған.
Бүгінгі
күні
Лангерганс
жасушалары
функционалдық
және
морфологиялық жағынан дендритті жасушалардың ізашарлары екендігі
белгілі болды. Зақымдалған тері арқылы енген антигендерді Лангерганс
жасушалары жұтады, себебі олардың фагоцитарлық белсенділігі бар, бірақ
олар В7 костимуляторын экспрессияламайды. Содан кейін Лангерганс
жасушалары лимфа тамырлары арқылы жақын орналасқан лимфа түйініне
келеді. Бұл аймақта Лангерганс жасушалары В7 корецепторын
экспрессиялайтын дендритті жасуша дифференцияланады (14-ші сурет). Нәтижесінде CD8-лимфоциттердің де, CD4-лимфоциттердің иммундық
жауапқа қосылуына жағдай туады.
Қорыта
келгенде,