табылады, ол Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецептор мен антиген
детерминантасының әсерлесуi кезiнде Т-лимфоциттердiң цитоплазмасына
белгi беруде маңызды қызмет атқарады.
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісі кезiнде жаңа CD-
антигендердiң пайда болуымен қатар кейбiр ескi антигендер жойылуы
мүмкiн. Сондықтан, CD-антигендер кезеңерекшелiк антигендердiң мысалы
бола алады. Яғни, CD-маркерлер бойынша Т-лимфоциттердiң жалпы саны
мен олардың субпопуляцияларының санын және жасушалардың жетiлу
дәрежесiн анықтауға болады.