Иммунитеттiң Т-жүйесiнiң қызметтерi: 1. Жасушалық түрдегі иммунды жауаппенқамтамасыз ету Т-
жүйесiнiң негiзгi қызметi: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға
(мутантты және iсiк жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар,
бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етедi.
Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегіжауапты қалыптастырады. 2. Иммунитеттiң
Т-жүйесi табиғатта кездесетiн көпшiлiк антигендердi тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады. 3. Т-жүйесіиммунды жауапты реттеудемаңызды рөл атқарады. Бұл
үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді
ынталандыратын және тежейтiн Т-хелперлер мен Т-супрессорлар
өздерi өндіретін лимфокиндерiнің көмегiмен қатысады.
4. Т-жүйесiиммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның