Т-хелпер-2 (Тх2) шырышты қабат микроайналымында Тх0- жасушасына антигендi негiзiнен дендриттi жасушалар таныстырғанда түзiледi. Тх2-дiң түзiлуiн ынталандыратын негiзгi цитокинге ИЛ-4 жатады. Бiраз мөлшерде ИЛ-4 Тх0-жасушалары өндiредi. Сонымен қатар,
ИЛ-4 цитокинiн шырышты қабаттардың базофилдерi мен мес жасушалары
өндiредi. ИЛ-4 Тх2 түзiлуiне ықпал етумен қатар Тх1 түзiлуiн тежейдi. Сонымен қатар, Тх2 түзiлуiне шырышты қабаттардың эпителий
жасушаларымен өсушi трансформациялаушы фактор (TGF-) әсер етедi.
Тх2 белсенуi үшiн ИЛ-1 де ынталандырушы әсерi керек.
Тх1 мен Тх2 белгiлi бiр жиынтықтағы цитокиндердi өндiредi, кейбiр
цитокиндердi хелперлердiң екi субпопуляциясы да өндiредi. Ал кейбiр
цитокиндер тек бiр субпопуляцияға ғана тән болады.