Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет181/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН–3 
(адамның 
хромосомаларының 

жұбы, 
гранулоцитарлық-макрофагалдық 
колониястимулдайтын 
факторды 
негiздейтiн  текке  өте  жақын  орналасқан).  Бұл  цитокин  1981  ж.  Т  – 
жасушаларды  пiсiп  жеткiзу  факторы  ретiнде  бейнеленген.  Кейiнiрек  ИЛ-3 
гемопоэздiң  бастапқы  сатыларын  қоздыратын  фактор  екендiгi  дәлелдендi. 
ИЛ-3  –  молекулярлық  салмағы  21000-36000  Д  көлемiнде  күштi 
гликозданған  белок.  Молекуланың  құрамында  белсендiлiк  көрсетуге 
маңызды бiр дисульфидтi байланыс бар. 
ИЛ-3-тiң  өндiрушi  жасушалары  болып  арнаулы  антигендермен 
белсендiрiлген  Тх1  мен  Тх2  және  бiрқатар  басқа  жасушалар  (В-
лимфоциттер;  цитофилдiк  антиденелермен  қарама-қайшы  байланыспен 
белсендiрiлген  мес  жасушалары;  миелоидтық  жасушалар;  сүйек  кемiгiнiң 
стромалық жасушалары; ми астроциттерi; кератиноциттер) келедi.  


 
132 
ИЛ-3-тiң нысана – жасушалары болып, көбiнесе, жас, соның iшiнде, 
көпқабiлеттi қантүзу бастапқы жасушалары келеді. 
ИЛ-3  бағаналы  жасушалары  мен  жетiлмеген  CD-бастауштардың 
көбеюiн  қолдайды,  сүйек  кемiгiнде  макрофагтардың,  тимуста  Т-
лимфоциттердiң жетiлуiн реттейдi. 
ИЛ-3  шырышты  қабаттардың  мес  жасушаларының  өсу  факторы 
болып келедi, ИЛ-4-тiң дәнекер тiнiнiң мес жасушаларына көрсететiн өсiру 
белсендiлiгiн  күшейтедi,  олардың  гистаминдi  өндiруiн  көбейтедi,  басқаша 
айтқанда, ИЛ-3 аллергиялық реакциялар дамуына қатысы бар. 
ИЛ-3  эозинофилдердi  белсендiрiп  NK-  жасушаларының  дамуын 
тежейдi.  ИЛ-3  апоптозды  тежеу  арқылы  жасушалардың  сақталып  қалуын 
жоғарлатады.  Сонымен,  ИЛ-3  –  гемопоэздiң  бастапқы  сатыларына  әсер 
ететiн,  оны  жедел  реттейтiн  белсендiрiлген  Т-лимфоциттердiң  өнiмi. 
Сонымен  қатар,  ИЛ-3  мес  жасушаларының  дамуына  қатысады  және  NK- 
жасушаларының қалыптасуын тежейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет