Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет182/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН–4 
(хромосомалардың 
5-шi 
жұбы, 
ИЛ-5-ке 
арналған  текке  жақын).  ИЛ-4  1981  ж.  В-лимфоциттердi  белсендіру 
факторы  ретiнде  бейнеленген.  Басқа  да  аттары  бар:  B-cell  growth  factor 
I(BCGF-I), B-cell stimulatory factor I (BCSF-I), T-cell growth factor II (TCGF-
II),  mast  cell  growth  factor  II  (MCGF-II).  ИЛ-4    -    19  000  –  22  000  Д  жуық 
молекулалық салмағы бар гликопротеин, ИЛ-4 молекуласының құрамында 
белсендiлiкке маңызды дисульфидтік байланыс бар. 
ИЛ-4-тi,  негiзi,  Тх2-лер  өндiредi,  сонымен  қатар,  ИЛ-4  өндiрушiлерi 
болып мес жасушалары, базофилдер және В- жасушалық тiзбектер келедi. 
Сонымен қатар, аз мөлшерде  ИЛ-4-тi Тх0-дер өндiредi. ИЛ-2-нiң синтезiн 
тежейтiн  глюкокортикоидтердiң  дозалары  ИЛ-4-тiң  өнiмiн  жоғарлатады. 
Қартайған сайын ИЛ-4-тiң өнiмi күшейе түседi.  
ИЛ-4-ке арналған рецепторлар көптеген жасушаларда табылған. ИЛ-
4-тiң Т-лимфоциттерге көрсететiн әсерi ИЛ-2-нiң әсерiне қарама қайшы 
келедi.  ИЛ-4  тимоциттер  мен  белсендiрiлген  Т-  жасушаларының  көбеюiн 
шақырады,  сонымен  қатар,  ИЛ-4  CD4
+   
жасушаларының  Тх2-лерге 
айналуының  негiзгi  себепкерi  болады,  Тх2-лердiң  аутокриндiк  белсенуi 
және  қосымша  пайда  болуы  қамтамасыз  етiледi.  В-лимфоциттердiң  күштi 
өсу факторы ретiнде  ИЛ-4 цитофилдiк IgE, IgG(2,4) мен IgA-ның синтезiн 
қоздырады. Аталған эффектiлер және  ИЛ-4-тiң мес жасушаларын көбейту 
қабілетi  аллергиялық  реакциялардың  дамуына  тiкелей  қатысы  бар. 
Тышқандарда ИЛ-4-тiң тегiн зақымдайтын мутация кезiнде IgE мен IgG(1) 
синтезi мүлдем тоқтайды.  
ИЛ-4  МНС  II  өнiмдерiн  көбейтедi  және  косымша  жасушаларының 
антиген таныстырушы қабiлетiн жоғарлатады. ИЛ-4 тек қана осы жағдайда 
IFN-γ-ның  функционалдық  аналогы  болып  келедi,  басқа  сәттерде  оларды 
антогонист ретiнде бiлемiз.  
Макрофагтардың  қызметiн  басып,  олардың  ИЛ-1,  IНФ  және  ИЛ-6 
өнiмiн төмендетiп,  ИЛ-4 қабынуға қарсы әсер келтiредi. Сонымен қатар, 
ол 
макрофагтардың 
цитотоксикалық 
белсендiлiгiн 
жоғарлатады, 
нейтрофилдердiң  қабыну  ошағына  қарай  жылжуына  көмектеседi,  колония 
стимулдайтын факторлардың өнiмiн  күшейтедi. Қан түзу жасушаларының 


 
133 
тiрi  қалуын  негiздеп,  ИЛ-4  гемопоэздi  күшейтедi.  ИЛ-4-тiң  маңызды 
қасиетi - in vivo iсiкке қарсы күштi белсендiлiгi. Жергiлiктi егу кезiнде ИЛ-
4  тез  арада  iсiк  жасушаларына  цитотоксикалық  әсер  келтiретiн 
эозинофилдермен инфильтрациялануын шақырады.  
ИЛ-5-тi  қоздырып,  ИЛ-4  in  vivo  эозинофилдердiң  көп  мөлшерде 
өндiрiлуiн  шақырады.    ИЛ-5-тiң  өнiмi  ИЛ-4  бақылайтын  Тх-дiң  Тх2-ге 
айналуына  тығыз  байланысты.  ИЛ-5-тiң  физиологиялық  әсерлерi  (м.ү. 
паразиттерден  қорғау)  ИЛ-4-тiң  деңгейiне  тiкелей  байланысты  деген 
бiрқатар  эксперименталдық  және  клиникалық  дәлелдер  бар.  ИЛ-4-терi  аз 
тышқандар паразитарлық  iндеттерге бейiм болады және  Heligmosomoides-
тердiң  ересек  құрттарын  екiншiлiк  жұғу  кезiнде  жоя  алмайтыны 
экспериментте анық дәлелденген. 
Сонымен,  ИЛ-4  Тх2-дiң  негiзгi  өнiмi  болып  келедi,  олардың  көбеюiн 
қоздырады,  Тх1-нiң  цитокиндерiне  антогонист  болып  келедi,  қан  түзу 
жасушаларының 
дамуына, 
макрофагтарға, 
NK-жасушаларға, 
базофилдерге  әсер  келтiредi.  ИЛ-4  аллергиялық  реакциялардың  дамуына 
көмектеседi, қабынуға қарсы және iсiкке қарсы әсерi бар. 
ИЛ-4-тiң клиникалық қолдануының мүмкiншiлiктерi: 
  Сепсис, ревматоидтық артрит және т.б. аурулар кезiнде қабынуға 
қарсы агент ретiнде; 
  1-шi  түрлi  диабет,  трансплантаттың  иесiне  қарсы  жедел 
реакциясы  сияқты  аутоиммундық  аурулар  кезiнде  Тх1-дiң  пайда 
болуын азайтып, қызметiн басатын иммуномодулятор ретiнде; 
  Iсiкке қарсы жергiлiктi емдеу кезiнде пайдалану мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет