Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет187/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   459
ИНТЕРЛЕЙКИН-9  (адамның  хромосомаларының  5-жұбы).    Мес 
жасушаларының  және  белсендiрiлген  Т-хелперлердiң  өсу  факторлары 
болып  келедi.  30000  –  40000  Д  молекулалық  салмағы  бар.    ИЛ-9 
(лектиндер  мен  CD-3-ке  қарсы  антиденелермен  қоздырылып)  көбiнесе, 
Тх2-лермен өндiрiледi ең соңғы болып өндiрiледi.  
Алғашында  ИЛ-9  кейбір  Т-хелперлік  клондарға  әсер  ететін  Т-
жасушалық  өсу  факторы  ретінде  бейнеленген.  ИЛ-9  белсенділігі  Т- 
жасушаларының  белгілі  бір  субпопуляциясымен  шектелмейтіні  соңғы 
кезде  дәлелденгенімен,  қоздырылу  сатысына  тығыз  байланысты  (мысал 
үшін,  шеткері  қаннан  қазір  ғана  бөлінген  лимфоциттер  ИЛ-9  жауап 
бермейді, лектинмен қоздырылғандар жауап береді).  
ИЛ-9 келесі биологиялық эффектілерді көрсетеді: 
 
ИЛ-4-пен шақырылған Е және G иммуноглобулиндерiнiң синтезін 
күшейтеді; 
 
тышқан 
сүйек 
кемігінен 
бөлінген 
мес 
жасушаларының 
тізбектерінің пролиферациясын шақырады; 


 
137 
 
ИЛ-6  өнімін  және  сериндік  протеазаларының  синтезін  қоздыру 
және  жоғары  аффиндік  IgE-рецепторларының  экспрессиясын  жоғарлату  
арқылы мес клеткаларының пісіп жетілуін шақырады; 
 
қан  түзуге  (әсіресе  эритропоэзге)  әсер  етеді,  гемопоэздің  басқа 
тізбектерінiң пролиферациясына әсерi төмен; 
 
тышқандардың 
нейрондарының 
бастауыш 
жасушаларының 
морфологиялық жетілуі мен қоздырылуын жоғарылатады. 
 
ИЛ-9 
экспрессиясының 
ақаулығы 
Т-жасушалық 
онкогенезді  
қоздыра  алады  деген  болжам  бар.  Ходжкин  ауруы  және  үлкен  клеткалық 
анапластикалық  лимфомалармен  науқастанған  адамдарда  ИЛ-9  арналған 
м-РНК экспрессиясы табылды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет