Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет185/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   459
ИНТЕРЛЕЙКИН-7  (адам  хромосомаларының  8-жұбы).  ИЛ-7  1988 
жылы  лимфоциттердiң  бастауыштарының  активаторы  ретiнде  ашылған.  
Молекулярлық салмағы 25 000 Д құрайды. Алғашында В-лимфоциттердiң 
дамуын  қоздырушы  факторы  ретiнде  бейнеленген.  Кейiн  ИЛ-7  Т-және  В-
лимфоциттердiң 
бастауыш 
жасушаларының 
көбеюiнiң 
беделдi 
қоздырғышы  екендiгi  анықталды.  ИЛ-7  жетiлген  Т-  жасушаларының  өсу 
факторы  ретiнде  ИЛ-2-тәуелсiз  механизмнiң  көмегiмен  антигентәуелдi 
цитотоксикалық  литикалық  белсендiлiгi  бар  Т-лимфоциттер  мен  ЛАЖ 
жасушаларының пайда болуын қамтамасыз етедi.  
ИЛ-7-нi  сүйек  кемiгiнiң  стромалық  жасушалары,  тимустың 
(тимустың  фибробласттары,  эндотелиалдық  жасушалары,  эпителиалдық 
жасушалары),  көк  бауырдың,  бүйректiң  жасушалары,  макрофагтар 
өндiредi.  
ИЛ-7  негiзгi  лимфопоэтин  болып  келедi.  Ол  қан  жасушаларының  В-
лимфоциттер  жағына  дамуды  шақырады,  тимус  iшiлiк  Т-лимфоциттердiң 
бастауыш 
жасушаларының 
көбеюiн 
қоздырады 
(лимфоциттердiң 
дамуының  бастапқы  кезенiнiң  беделдi  өсу  факторы),  бастауыш  Т- 
жасушалардың  аман  қалуын  қолдап,  bcl-2  апаптоз  ингибиторының 
экспрессиясын  күшейтедi,  тимустан  тыс  орналасқан  Т-лимфоциттердiң 
антиген  тәуелсiз  көбеюiн  негiздейдi.  Лимфоциттердiң  пролиферациясын 
қоздырып ИЛ-7, ИЛ-1-мен синергиялық түрде әсер етедi, осы салада ИЛ-7 
Т-жасушаларының дамуында басты маңызы бар сияқты.  
Кофактор  ретiнде  ИЛ-7  (ИЛ-6  сияқты)  ИЛ-2-нiң  өнiмiн  қоздырады, 
Т-  жасушаларының  көбеюi  мен  Т-киллерлердiң  жетiлуiн  реттейдi.  ИЛ-7 
ИЛ-2-нің орынына цитотоксикалық лимфоциттер мен ЛАЖ жасушаларына 
митогендiк әсер көрсетуге қабiлетi болуы мүмкiн.  
Цитокиндердiң  көпшiлiгiне  қарағанда,  ИЛ-7нiң  лимфоциттердiң 
дамуындағы әсерi басқа цитокиндермен қайталанбайды. Сол себептен ИЛ-
7  тегi  жойылса,  тимус  жасушалары  жоғалады,  жалпы  лимфопения  мен 
ауыр иммунды тапшылық дамиды.  
ИЛ-7 адамның шеткерi қанының моноциттерiне күштi әсер келтiредi 
:  олардың  ИЛ-1α,  ИЛ-1β,  ИЛ-6  және  IНФ-α.  жоғары  көлемде  өндiрүiн 
шақырады.  Сонымен  қатар,  ИЛ-7  адам  меланомасының  А37S  тiзбегiнiң 
жасушаларының моноциттермен лизистенуiн қоздырады.  
Сонымен,  ИЛ-7  лимфопоэтин  ретiнде  иммунды  жүйенiң  Т- 
жасушалық бөлiгiн қамтамасыз етуде зор маңызы бар.  


 
136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет