Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет242/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   459
IFN-

  күштi  иммуномодуляциялық  әсер  көрсетедi  және  кейбiр 
лейкемиялық  жасушаларға  антипролиферативтiк  нәтиже  бередi,  себебi 


 
179 
олардың  дамуын  реттейдi.  Сонымен  қатар,  IFN-  қатерлi  iсiк-
жасушалардың  көптеген  түрлерiнде  HLA-антигендердiң  I  және  II  класс 
экспрессиясын  тежейдi.  Бұл  арқылы  олардың  Т-лимфоциттермен  танылу 
қабiлетi  төмендейді.  Жақында  IFN-  iсiк  некроздаушы  фактормен  бiрге, 
оның  цитотоксикалық  әсерiн  күшейтiп,  қосарланғыш  әсер  еткендiгi 
анықталды. 
Рекомбинантты 
интерферондар 
онкологиялық 
клиникада 
қолданғанда көптеген ауруларда (қуық  рагi, қатерлi меланома, сүт безiнiң 
рагi,  жатыр  мойынның  рагi,  бүйрек  карциномасы,  қатерлi  лимфома, 
Ходжкин  ауруы,  лейкоздар,  тоқ  iшек  пен  бауыр  iсiктерi)  жартылай  және 
толық  iсiктiң    регрессиясы  байқалды  (10-50%).  Бұл  кезде  көптеген 
аурудың нәтижесiнде ремиссия ұзаққа созылған. 
Лейкоздар  мен  лимфопролиферативтi  ауруды  емдеуде  IFN-  қолдану 
жақсы  нәтиже  бердi,  әсiресе  лейкоз  бен  лимфопролиферативтi  ауруларда. 
Зерттеушiлердiң  жұмысында  көрсетiлгендей,  90%  түктiк  жасушалық  лейкозбен 
ауыратын науқастар IFN--мен емделгеннен кейiн екi жылдай өмiр сүрдi, ал 75-
90% науқастарда толық ремиссия байқалды. 
M.Talpaz  көрсетуi  бойынша,  созылмалы  лимфолейкозбен  ауыратын  274 
аурулардың  80%  IFN-  емдегенде,  гематологиялық  ремиссия  58%  ауруда 
кездескен, оның 26% толық ремиссия байқалған. Толық ремиссия 3 жылға дейiн 
созылған. 
 
ДДҰ (ВОЗ) асқынған қатерлi меланоманы IFN- емдеудiң нәтижесiн 
баспаға шығарды. Iсiк тiндерiн хирургиялық жолмен алғаннан кейiн, IFN- 
қолданғанда, 46% науқастардың өмiрi екi жылға ауру белгiлерсiз созылды, 
ал  27%-науқас    тек  қана    хирургиялық  жолмен  емделген.  Басқа  бiр 
жұмыста, терi рагымен ауыратын 30 науқасты бақылағанда, тiкелей  iсiкке 
IFN- енгiзген және қосымша интерферон майының емi жүргiзiлген, сонда 
10  науқаста  iсiктiң  толық  регрессиясы  байқалған,  ал  15  жартылай  әсер 
болды. 
Клиникалық байқаулар көрсеткендей, әртүрлi ракпен ауыратын 1500 
онкологиялық  ауруларда  Ресейлiк  IFN-  (Реаферон)  жоғары  әсерi 
байқалған,  ауруларға  оның  залалсыздығы  мен  қалыпты  белсендiлiгi 
көрсетiлген.  Жанама  әсерi  бiрен-сараң  көрiнген  соң,  бұл  препаратты 
қолдануға  тиым  салынған.  Қатерлi  меланома  тiнiне  IFN-  енгiзгенде, 
iсiктiң регрессиясы 10-20% болған. Көптеген қатерлi iсiктердi емдеуде (сүт 
безiнiң, 
өкпенiң, 
жыныс 
безiнiң 
рактары, 
остеогендiк 
саркома, 
гепатоцеллюлярлық  карцинома,  глиома,  қатерлi  меланома,  т.б.)  IFN- 
қолданған,  бұл  кезде  емдiк  әсер  өте  жақсы  көрiнген.  Кейбiр  авторлардың 
жазуы  бойынша,  IFN-  көктамыр  iшiне  енгiзгенде  ол  залалсыз  болған,  ал 
кейбiреулерi оның улылығы жоғары екендiгiн жариялайды. 
Қазiргi  кезде  рекомбинантты  интерферондарды  операциялық  емдеу, 
химиотерапия,  сәуле  әдiстерiмен  бiрге  емдеуде  қолданылуының  клиникалық 
тәжрибелерi  жүргiзiлуде.  Аурулардың  нозологиясы  мен  кезеңiне  байланысты 
айқын  әсер  50-70%  кездестi.  Сүт  безi  рагiн,  балалар  жедел  лейкозын, 
ретикулосаркоматозды, созылмалы миелолейкозды аралас емдеу кезiнде ерекше 
жақсы нәтиже алынды. 


 
180 
Сонымен  қатар,  iсiкнекроздаушы  факторы  және  ИЛ-2-мен  қосып 
емдеу  кезiнде,  интерферондардың  әсерi  жоғары  болатыны  көрсетiлген. 
Осы салада тәжрибелi зерттеулер одан әрi жүргiзiлуде.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет