моноклонды антиденелердi ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан
иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір
бірқатар фирмалар осындай ісікерекшелi моноклонды антиденелер жасау
тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткiзуде.
Сонымен қатар, токсиндер және радиоизотоппен біріккен моноклонды антиденелер дайындау әрекеттерi жалғасуда. Ол үшіншi
ұрпақты радиоиммунды токсиндерге жеткiзуi мүмкiн.
Ісіктің иммунды емінің жаңа әрекеттерінің бірi ол ісіктегі
тамырлардың өсуіне көмектесетiн белоктарға қарсы және эпидермалды
өсу факторларының рецепторларына қарсы иммунды токсиндердi жасау.
Қазіргі кезде, осы саладағы жұмыс істеп жатқан ғалымдардың көбісі
жаңа иммунологиялық әрекеттер дәстүрлі ем түрін өзгерте алмайды деп
есептейді, бірақ бар әдiстердiң қорын әрі қарай жақсартып, күшейте
алады. Кейбір кезде, иммунды емдеу жетекші тәсіл бола алады, бірақ ол
көпшілік жағдайда хирургиялық әрекет, сәуле және химиялық емнен кейін
қолдануы керек. Сөйтіп, иммунды емдеудi түрлендiруге болады, себебi
оны қабаттастырып пайдаланса, ерекше жақсы ем болады деп күтілуде.