193
Генетикалық бөгде тiндердiң тұрақтамауына жауапты негiзгi
антигендерге – гистосәйкестiк антигендерi (немесе тiнсәйкестi
антигендерi) жатады, оларды кодтаушы гендерiн – гистосәйкестiк
гендерi деп атайды. Гистосәйкестiк гендердiң өнiмдерi антигендер деп
аталса да, олар өздерiнiң антигендiгiн өзiнiң емес генетикалық бөгде
организмнiң иммундық жүйесiмен анықталғанда ғана көрсетедi, мысалы,
мүшелердi аллотрансплантациялау кезiнде.
Гистосәйкестiктiң негізгі гендерi деген түсiнiктi алғашқы рет 1956
жылы Д.Снелл енгiзген. Ол қызметкерлерiмен бiрге аллогендi тiндердi
трансплантациялау кезiнде жедел және созылмалы тұрақтамау серпілісін
бақылайтын гендердi анықтап, сол генетикалық аймағын гендердiң бас
комплексi гистосәйкестiк жүйесi деп атаған (
MHC - Major
Histocompatibility Complex - Негізгі Гистосәйкестiк Комплекс).
Ұқсас антигендерi бар тiндердi
гистосәйкестi тiндер деп айтады,
бұл
тiндер
тұрақтамау
серпілісі
дамитын
иммундық
жауапты
шақырмайды. Маңызды
антигендiк айырмашылықтары бар тiндер –
гистосәйкессiз болып келедi, олар тұрақтамау серпілісін шақыратын
иммундық жауапқа алып келедi. Гистосәйкестiктi орнатушы антигендер,
әртүрлi 40-тан аса локустарда шифрланған,
бiрақ айқын тұрақтамау
серпілісіне жауапты локустар гистосәйкестiктiң негізгі МНС-
комплексiнде орналасады.
HLA-жүйенiң гендерi трансплантациялық (тiнсәйкестi) антигендердiң
жасалуын бақылайды. Трансплантациялық антигендер ең көп мөлшерде
лимфоциттерде, терiде; аздау - өкпе, бауыр, iшек, жүректе; ең азы – мийда
экспрессияланған. Жалпы, олар барлық ядролы жасушалар бетiнде және
тромбоциттарда табылады. Бiр адамның барлық жасушаларында HLA-
жүйесiнiң антигендерi бiрдей, бiрыңғай болады және басқа адамда
қайталанбайды. Донор мен реципиенттiң осы антигендер бойынша толық
сәйкестiлiгi тек монозиготалы егiздерде ықтималды болады. Кез-келген
басқа уақытта донор мен реципиенттің арасында иммунологиялық
конфликт, яғни тұрақтамау серпілісі дамиды. Оның интенсивтiгiн,
ұзақтығын және нәтижесiн келесi жағдайлар белгiлейдi:
донор мен реципиент арасындағы антигендiк айырмашылықтар
дәрежесi;
реципиенттiң иммунды реактивтiлiк дәрежесi;
трансплантаттың түрi;
трансплантатта лимфоидтық тіннің болуы;
гистосәйкестiк антигендердің мөлшерi.
HLA-А
және
В
локустарының
антигендерi
Достарыңызбен бөлісу: