Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет397/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   459
Иммунокомпетентті 
жосушалардың 
рецепторларына  әсер  ететін 
және  нейропептидтер  өнімін 
ынталандыратын 
кортикотропин  –  релизинг 
факторының 
(CRH) 
бөлінуің жоғарлауы 
Шеткері лимфоидты ағзаларда 
катехоламиндер 
шығарылымың  жоғарлайтын 
симпатикалық 
жүйке 
жүйесінің активациясы 
Стресс 


 
эндогенді  ИЛ-2-нің  активтілігін  тежейді,  Т  –  лимфоциттердің  митогендерге 
пролиферативтік  жауабын,  нейтрофилдер  мен  моноциттердің  фагоцитарлық 
активтілігін 
тежейді, 
NK  – 
жасушалардың 
және 
цитотоксикалық  Т 
– 
лимфоциттердің  қызметтерін  төмендейді.  Осының    салдарынан  қанда  иммунды 
комплекстер саны жоғарылайды. 
Маскүнемді  гепатит  нәтижесінде  детоксикациялық  және  ақуызтүзу 
қызметі, 
альбуминдер, 
комплемент 
компоненттерінің, 
оксидазалық 
тасымалдаушы  ақуыздардың,  сарысулық  протеазалар  ингибиторларының 
синтезі тежелуімен сипатталатын бауыр цирозы қалыптасады, ал осы қатерлі 
ауру  екіншілік  иммунды  тапшылықты  күшейтеді,  иммунды  гомеостаздың 
бейспецификалық резервтерінің адекватты және өз уақытында қайта толтыру 
қабілеттілігінің бұзады. 
Сонымен  қатар,  алкоголдің  шамадан  тыс  мөлшерде  қабылдануы 
посталькогольдік  астения  жағдайына  әкеледі,  осы  жағдай  созылмалы 
аурулардың  өршуіне  және  жедел  патологиялық  жағдайлардың  созылмалы 
жағдайға    ауысуына  әкеледі:  біріншіден  –  иммунокомпетентті  жасушаларға 
тікелей  әсер  ету  арқылы;  екіншіден  –  екіншілік  иммунды  тапшылықты 
күрделендіретін нейроиммуномедиаторлардың әсер етуі арқылы.  
Нашақорлық  –  вирустық  және  бактериалдық  жұқпалардың  пайда 
болуының 
қаупін 
жоғарлататын 
айқын 
иммунды 
тапшылықтың 
қалыптасуымен  сипатталады.  Нашақорларда  иммунды  тапшылықтың  пайда 
болуына екі жағдай әкелуі мүмкін:  
•Опиоидты  нашақорлы  токсиканттардың  тікелей  токсикалық  әсері,  
олардың макрофагтар мен лимфоциттер апоптозын күшейту қабілеті. 
•Нашақордың  нашақорлық  заттарды  қабылдау  уақытының  ұзақтығына 
байланысты  өмір  салтынын  риск  факторлары  –  тамақтану,  ұйқы 
бұзылыстары,  өзіндік  гигиеналық  шарттарын  сақтамауы,  психикалық 
деградация және т.б. 
Нашақорларды  опиоидты  және  басқа  нашақорлық  заттардың  әсерінен 
иммунды  жүйесінің  реттеу  қызметтерің  бұзылуы  салдарынан  ИТЖ  пайда 
болуы ерекше орын алады.  Нашақорлық заттар лимфоцит рецепторларының 
және 
антиген 
таныстырушы 
жасушаларға 
әсер 
етіп, 
олардың 
қарымқатынасын,  эндогенді  нейропептидтер  және  гармондар  жағынан 
болатын  реттеу  қасиеттеріне  сезімталдығын  жояды,  нәтижесінде  иммунды 
қорғаудың эффетивтілігін азайтады. 
Осылайша,  екіншілік  иммунотапшылықтың  қалыптасуында  адамның 
өмір  сүру  салтынаң  факторлары  өте  маңызды.  Екіншілік  иммунды 
тапшылықтың  алдын  алу  үшін  салауатты  өмір  салтына  жататын  дұрыс, 
баланстанған  тамақтану,  адекватты  физикалық  жүктемелер,  кәдімгі 
гигиеналық  шарттарын  орындау,  қауыпті  үйреністерден  айырылу  және 
дұрыс медициналық тәртіп сақтау маңызды.     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет