гуморалдық жүйенiң, жиi екеуiде бiрдей, iске қосылуы, аталған үш жасушалардың бiр-бiрiмен әрекеттесуi арқылы жүзеге асады. Бұл
үрдiстi иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.
В-лимфоциттердiң негiзгi қызметi – ағзаға түскен антигендерге қарсы
антиденелердi түзу. Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар –
иммуноглобулиндер. Антиденелер иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде
түзiледi, одан қанға түсiп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен
тiндерге таралады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпiлiсiн жүзеге асырады, олар
сонымен қатар, антигендердi тануға және жасушалық, гуморалдық иммундық жауаптардың басталуына және реттеуiне қатысады. Т- лимфоциттер иммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның сақталып тұруына ықпал етедi, Т-лимфоциттерден иммунологиялық зерде жасушалары қалыптасады. Егер де ағза антигенмен екiншi рет кездесетiн
32
болса, онда зерде жасушалардың иммундық жауаптың жылдам
қалыптасуына қабiлетi болады.