Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екiге бөлiнедi:
1. бiрiншiлiк иммундық жауап 2. екiншiлiк иммундық жауап Бiрiншiлiк иммундық жауап 4-7 күндерi дамиды. Бiрiншiлiк гуморалдық
иммундық жауаптың негiзгi В-лимфоциттердiң белсендiрiлуi және
олардың антидене түзетiн плазмоциттерге айналуы болып табылады.
Антиденелердiң басым көпшiлiгiн IgM құрайды; жасушалық иммундық
жауап – пiсiп-жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттердiң пайда болуымен
белгiленедi. Антигенмен бiрiншi рет жанасқаннан кейiн зерде Т- және В-
жасушалары түзiледi.