Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет450/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Жасы (жылы)  Ig G мг/мл 
Ig M мг/мл 
Ig A мг/мл 
15-45 
 
5,4 - 16,1 
0,5 - 1,9 
0,8 - 2,8 
45 және одан 
жоғары 
 
5,3 - 16,5 
0,5 - 2,0 
0,8 - 4,0 


 
сондықтан  Т-хелперлер  санының  төмендеуi  нәтижесiнде,  Т-лимфоциттердiң 
жалпы  саны  төмендейдi.  Ол  Т-хелпердiң  санының  төмендеуiне  және  жалпы 
лимфоцитопенияға  әкеледi.  Себебi  Т-хелперлер  жұқпаға  және  iсiктiк  өспеге 
қарсы  иммунды  жауаптың  реттелуiне  қатысады,  олардың  төмендеуi 
жұқпалар  мен  iсiктiң  дамуына  әкеледi,  сондықтан  ЖИТС-пен  ауыратын 
науқастар  осыдан  өлiмге  шалдығады.  Осы  аурудың  ерте  белгiлерi 
иммунограммада 
Т-лимфоциттер 
субпопуляцияларының 
қалыпты 
арақатынасының бұзылуымен байқалады.  
Иммундық 
тапшылықтың 
құрылыстық 
критериясы 
зертханалық 
тексерулерде  Т-  және  В-лимфоциттер  популяцияларының  қызметiн  және 
құрамының  20%  және  одан  да  төмендеуi,  бұл  кезде  арнайы  емес  қорғаныс 
факторлардың  деңгейi  қалыптыдан  10%  және  одан  да  төмендеуiмен 
сипатталатын  зертханалық  көрсеткiштер  болып  табылады.  Функционалды 
иммундық  тапшылық  жағдайлардың  болу  критериясы  Т-  және  В-
лимфоциттердiң 10% шамасында төмендеуi болып табылады, ал арнайы емес 
қорғаныс  факторлардың  мөлшерi  қалыпты  шамасында  немесе  бiршама 
жоғарлаған. 
Иммунограммада  төменделген  көрсеткiштермен  қатар,  жоғарлаған 
көрсеткiштердiң 
анықталуы 
да 
дәрiгерлердi 
күмәндәндырады. 
Көрсеткiштердiң  жоғарылауы  ағзаның  адаптациялық  серпiлiсi  деп  қарауға 
болады.  Мысалы,  қандағы  лейкоциттер  санының  жоғарылауы  -  лейкоцитоз, 
ол    жедел  қабынуға,  соның  iшiнде  жедел  жұқпаларға  тән.  Бактериалды 
жұқпаларда  сүйек  кемiгiнде  гранулоциттер  өнiмдерi  жоғарылайды:  қанда 
олардың  таяқшатәрiздi  ядросы  бар  пiсiп-жетiлмеген  түрлерi  кездеседi. 
Вирусты  жұқпаларда  қанда  лимфоциттер  саны  жоғарылайды  (лимфоцитоз), 
ол вирустарға қарсы иммунитетте маңызды рөл атқарады. 
Жұқпалы аурулар кезiнде қанда IgG және IgM деңгейлерiнiң жоғарласа, 
ол  қоздырғыш  антигендерiне  қарсы  белсендi  иммундық  жауаптың  белгiсi 
ретiнде  оң  деп  бағаланады.  Аутоиммундық  аурулары  бар  науқастардың 
қанында  осы  иммуноглобулиндер  деңгейiнiң  жоғарлауы,  аутоагрессияның 
күшейтетiн,  организмнiң  өзiнiң  антигендерiне  қарсы  аутоантиденелер 
өнiмдерiнiң көбею белгiсi, болжамы қолайсыз деп бағалайды.  
Иммунограмманың  бiркелкi  нәтижесi  әрқашанда  болуы  мүмкiн  емес. 
Бiрақ иммунограмма иммунологиялық ақауды орналасуын нақтылайды және 
де  сәйкес  орынбасушы  немесе  иммунитеттi  реттейтiн  терапияның 
жүргiзуiнiң негiзi болып табылады. Аллергиялық және жұқпалы аурулардың 
емi осы иммунограмманың динамикасына сәйкес негiзделген. Иммунограмма 
организмнiң  иммунды  жүйенiң  қызметiн  және  жағдайын  көрсететiн  өзiндiк 
экран болып табылады. 
Мысалы,  IgG 
және  IgM  иммуноглобулиндер  жеткiлiксiздiгiнiң 
анықталуы,  донор  қанынан  дайындалған  иммуноглобулин  препараттарын, 
көк  тамырға  енгiзу  көрсеткiшi  деп  қарастырылады.  Т-лимфоциттер  ақауы 
табылған  кезде  құрамында  тимус  пептидтерi  бар  бұзау  тимусының 
тiндерiнен  жасалған  емдiк  препараттарды  қолданады,  ол  Т-лимфоциттердiң 
дифференцировкасына  және  белсендiлiгiне  себепкер  болады.  Плазмаферез, 
қанда  жиналған  иммунды  кешендердi,  қабыну  алды  цитокиндердi  және  т.б. 


 
компоненттерiн 
элиминациялау 
әдiсi 
ретiнде 
мiндеттi 
түрде 
иммунограмманың бақылауы арқылы жүргiзiледi.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет