Иммунды ферменттiк талдау жалпы IgE деңгейiн бағалау және
арнайы IgE деңгейiн анықтау үшiн қолданады.
Әдiстiң қағидасы. Зерттелетiн аллергендi қатты фазамен (қағаз дискiсi,
активтелген полимер және т.б.) байланыстырады. Науқастың қан сарысуын
қосқан кезде сарысуда берiлген антигенге қарсы антидене болса, онда
аллерген
қатты
фазада
бекiтiлген
антиденелермен
байланысады.
Байланыспаған IgE-ден жуғаннан кейiн IgE қарсы флюорохроммен (хрен
пероксидазасы) белгiленген антиденелердi қосады. Кешеннiң түзiлуi болады:
аллерген, IgE және IgE қарсы антидене. Байланыспаған антиденелердi алып
тастайды. Байланысқан арнайы IgE деңгейiн жарқырау қарқындығымен
анықтайды.