40
Заттарды антигендер ретiнде сипаттайтын
негiзгi қасиеттерге
жатады: бөгделiк, антигендiк, иммуногендiк және арнайылық.
Бөгделiк –
ағзаның әр түрiне немесе жеке индивидумдарға арналған
антигеннiң өзгешелiгiн көрсететiн генетикалық тағайындалған жеке
қасиетi. Антигеннiң берiлген ағзаға бөгделiгi, иммундық жүйенiң ағзаны
биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негiзгi қызметiмен байланысты.
Агрессия жиi микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетiн
токсиндер түрiнде байқалады; берiлген микроағзалар және оның өнiмдерi
жоғарғы тiрi жандарға бөгделiк болып табылады. Эндогендiк агрессия
(iсiктердiң өсуi) жасушалардың белгiлi бiр бөгделiк қасиетке (мысалы, iсiк
жасушаларының бетiнде iсiкерекшелiк антигендердiң экспрессиясы) ие
болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзаға «өзiндiк
емес» ретiнде танылу қажет. Нәтижесiнде антиген бөтен субстанция
сияқты, ағзаға өте қауiптi молекула түрiнде көрiнедi. Р.В. Петровтың
анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып
жүрушi биологиялық заттар мен молекулалар».
Достарыңызбен бөлісу: