пролиферативтiк – дифференциялаушы белгiнi В-лимфоциттер тасымалдаушылардан алады.
Екiншi белгiнiң берiлуiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаушының
құрылымы келесi талаптарға сай келуi керек:
жоғары молекулалық салмақ; молекуланың қатаң сызықты құрылымы; молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек). Табиғи антигендердiң iшiнде осы талаптарды қанағаттандыратындар
бактериялық полиқанттар (БП) және липополиқанттар (ЛП). Олар
негiзгi Т-тәуелсiз табиғи антигендер болып табылады. Бактериялық
полиқанттардан және липополиқанттардан басқа табиғи Т-тәуелсiз
антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендерi, пневмококктық
полиқанттар, iшек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсiз
жасанды
антигендерге
гаптенмен
байланысқан
полиэлектролиттер
жатады. Т-тәуелсiз поликлондық антигендерге – В-лимфоциттердiң
митогендерi де (полиқанттар, лаконос митогенi және т.б.) жатады.
Т-тәуелсiз антигендер барлық табиғи антигендердiң 10%-ын құрайды. Табиғи антигендердiң көпшiлiгi шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы
екi талапқа жауап бермейдi. Олар тимустәуелдi антигендер болып
табылады. Т-тәуелдi антигендерге: трансплантациялық, тiндiк арнайы
антигендер,
сарысулық
нәруыздар,
бактериаялық
уыттар,
бөгде
эритроциттердiң антигендерi, көптеген вирус антигендерi және тағы
басқалары жатады.