инфекцияға қарсы иммунитет құруы болып табылады.
Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмi
бойынша ерекшеленетiн антиденелердiң бiрнеше топтары болады:
Бактериалдық токсиндердi бейтараптаушы антиденелер;
Вирустың жасушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы
антиденелер;
Комплемент
қатысуымен
вирус
жұқтырған
жасушаға
цитотоксикалық әсер көрсетуші антиденелер;
Комплемент
қатысуымен
бактерияның
жойылуын
(лизиске
ұшырау) шақырушы антиденелер;
Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттiк жүйесiн
басушы антиденелер;
Макрофагтарды опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші
антиденелер;
Еритiн антигенмен комплекс түзiп, комплементтiң активтенуiнiң
есебiнен қан тамырларының өткiзгiштiгiнiң жоғарлауын шақырып
және жедел қабыну белгiлерiнiң дамуына қатысушы антиденелер;
Гельминттерге
қарсы
полиморфты
ядролы
лейкоциттердiң
цитотоксикалық әсерiн күшейтуші антиденелер.