Антигендердiң органоидтық арнайылығы - әртүрлi жасушалар
органоидтарының антигендiк айырмашылығы (ядро, митохондрия, және
т.б.).
Қорыта келе, әрбiр тiрi жасушалар өздерiнiң антигендiк құрылысы
бойынша, бұл ағзаға жатпайтын кез-келген басқа тiрi жасушаларынан
ерекшеленедi. Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым антигендiк айырмашылығы көп болады. Антигендер құрамы мен әсер ету механизмiн зерттеудегi болған
жетiстiктер, қазiргi уақытта алдын ала белгiлi қасиетi бар жасанды
антигендердi жасау мүмкiндiгiн берiп отыр. Ол керек антигендiк
детерминанттарға антидене түзiлiсiн жоғарылату, жасушалық кооперация
үрдiсiн күшейту немесе тежеу, сәйкес антигенге төзiмдiлiктi шақыру. Осы
қағидалар цитотоксикалық және цитостатикалық әсерi жоқ жаңа иммунды
42
депрессанттар жасауға пайдасын тигiзiп отыр және арнайы қасиетi бар
вакцина жасауға да мүмкiндiк бередi.