Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Fc-фрагменттің қызметтері



Pdf көрінісі
бет74/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   459
Fc-фрагменттің қызметтері: 
1.  Иммуноглобулиндердің  әртүрлі  кластары  Fc-үзіндісінің  құрамы 
бойынша  ерекшелінеді.  Бұл  ерекшеліктері  Fc-үзіндісіне  кіретін  СН-
домендерінің  санына,  сонымен  қатар,  аминдық  қышқылдарының 
құрамына байланысты болады (қосымша домендер болуы мүмкін, мысалы 
СН
4
  -  IgМ  және  IgЕ).  Fc-үзіндідегі  құрылыс  ерекшелігіне  байланысты 
иммуноглобулиндер кластары қызметіне қарай да ерекшелінеді. 
2.  Fc-үзіндісінің  көмегімен  иммуноглобулиндер  молекулаларының 
полимерленуі  өтедi  (мысалы,  секреторлы  IgА  димер  және  тример  түзеді, 
IgM  -  пентамер).  Иммуноглобулиндердiң  полимерлер  құруы  5  суретте 
көрсетiлген. 
3.  IgM,  IgG
1
,  IgG
3
  Fc-үзіндлерінде  шарнирлі  аумақ  арқылы  антиген 
байланысуы  кезінде  құрылымдық  өзгеріс  өтеді,  бұл  кезде  СН
2
-домен 
аймағында  комплемент  жүйесінің  бірінші  компонентін  байланыстыратын 
белсенді  аймағы  қалыптасады,  сондықтан  иммуноглобулиндердiң  бұл 
кластары комплемент жүйесін классикалық жолмен белсендіреді. 
4. 
Fc-фрагменті 
көмегімен 
В-лимфоциттердiң 
плазмалық 
мембранасына  иммуноглобулин  молекуласы  тіркеледі  де,  антигентанушы 
рецептор қызметін атқарады. 
5.  Организмнің  көптеген  жасушалар  бетiнде  әртүрлi  Ig  класына 
арналған  Fc-рецепторлары  бар.  Егер  ол  рецепторларға  сай  келетін  Ig 
немесе  құрамында  Ig  бар  иммундық  комплекс  тіркелсе,  онда  сол 
рецепторлар  арқылы  берілген  жасушалардың  жұмысының  беленуі  немесе 
басылуы жүреді. Мысалы: 
 
Плацента  трофобласттарында  тек  IgG-ға  арналған  Fc-рецепторлары 
бар.  Ол  рецепторларға  тіркеліп,  IgG  белсенді  тасымалдану  әдісімен 
плацента  арқылы  анадан  ұрыққа  трансплацентарлы  түрінде  беріледі  және 
нәрестенің пассивтік иммунитетін қамтамасыздандырады. Плацентада бұл 
иммуноглобулиннен  басқа  кластарына  рецепторлар  жоқ,  сондықтан 
плацента арқылы басқа иммуноглобулиндер өте алмайды.   
 
 
 


 
49 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет