Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет71/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

арнайы  нәруыздар  болып  табылады.  Адамда  иммуноглобулиндердiң  5 
негізгі кластары бар: G, M, A, D, E. Бұл иммуноглобулиндер кластарының 
әр  қайсысы  өзіндік  құрылысты  болады  және  белгілі  бір  жұмыс  атқарады. 
Олардың  барлығы  екі 
түрлі  полипептидті 
тізбекті 
жинақталған 
агрегаттардан  тұрады,  оның  бір  тізбегі    “жеңіл”,  екіншісі    “ауыр”  деп 
аталып, Н және L әріптермен белгіленеді (ағылшынның “heavy” мен “light” 
cөздерiнен).  H  және  L  тізбектері  бөлек  синтезделiнедi,  ал  Ig 
молекуласының жасалуы Гольджи комплексінде жүзеге асады. 
Барлық  иммуноглобулин  кластары  ішінде  жеңіл  тізбектердің 
құрылысы 
ұқсас 
болады. 
Кластардың 
айырмашылықтары 
ауыр 
тізбектердің құрылысына байланысты болады. 
Иммуноглобулиндер  құрылысын  мономерлі  иммуноглобулин  G 
мысалында қарастыруға болады (4 сур.).  
Иммуноглобулин G молекуласы 4 полипептидтік: 2 ауыр және 2 жеңіл 
тізбектерден  тұрады.  Әр  жеңіл  тізбек  ауыр  тізбекке  дисульфидтік 
байланыспен  (S-S)  қосылған.  Осындай  екi  байланыспен  екi  ауыр  тiзбек  те 
бiр-бiрiмен қосылған. 
Молекула  құрылысында  екі  бірдей  белсенді  орталығы  бар,  бірақ 
кеңістікте 
бөлініп 
кеткен. 
Осындай 
екі 
антигенбайланыстырушы 
орталықтар  иммуноглобулин  молекуласына  бір  уақытта  екі  бірдей 
антигендерді байланыстыруға қабілет береді.  


 
47 
Барлық иммуноглобулиндер түрлерінің жеңіл тізбектері екі доменнен 
тұрады,  ал  ауыр  тізбегі  –  төрт  немесе  бес  доменнен  тұрады;  ол  
иммуноглобулин класына байланысты.  
Домен 

  бұл  110-120  амин  қышқылынан  тұратын  тізбек  аумағы. 
Барлық  домендер  ұқсас  құрылымды,  олар  ішкі  дисульфидтік  байланыс 
арқылы  тұрақтанады.  Ауыр  және  жеңіл  тізбектердің  N-ұштық  домендері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет