Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


-ші сурет. Макрофагтардың негізгі дифференцировка кезеңдері



Pdf көрінісі
бет115/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

12-ші сурет. Макрофагтардың негізгі дифференцировка кезеңдері 
(В.Г. Галактионов бойынша, Москва, 1986) 
 
Қанда  моноциттер  қабырғалық  және  айналымдық  деп  бөлінеді. 
Олардың ара-қатынасы ауысып отыруы мүмкін. Айналымдағы моноциттер 
қан 
ағымында 
болғандықтан, 
қанды 
зерттеу 
мақсатында 
алған 
жағдайларда,  олар    зерттеу  үлгілеріне  түседі,  ал  қабырғалық  моноциттер 
тамырлардың  эндотелиіне  берік  жабысқан  және  олар  тамырлардан 
тіндерге 
қарай 
трансэндотелиалды 
миграцияға 
дайын 
тұрады. 
Моноциттердің  қаннан  тіндерге  қарай  жылжуы,  моноциттер  мен 
эндотелиалды  жасушаларда  арнайы  адгезия  молекулаларының  болуымен 
түсіндіріледі.  Қан  тамырынан  шыққан  моноцит  кері  қарай  айналымға 
қайтып келу қабілеті жоқ, сондай-ақ тіндерге қарай миграция үрдісі үнемі 
жүреді және ол қабыну кезінде күшейеді, әрі бағытталған сипат алады.  
Сәйкес  тіндік  ортаға  түскен  моноциттер  мүшелік  және  тіндік 
макрофагтарға  дифференцацияланады.  Мәселен,  альвеолярлы,  плевралды, 
бауырдаң 
купфер 
жасушалары, 
дәнекер 
тінінің 
гистиоциттері, 
остеокластттар,  микроглия,  лимфа  тінінің  макрофагтары,  қабыну  және 
некроз ошақтарының макрофагтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет