Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет118/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

кешендер мен апоптозға ұшыраған жасушалар шығады. 
Антигендердің  фагоцитозы  олардың  жасушаішілік  өңделуінің  алғашқы 
кезеңі болып табылады.  
 
Хемотаксис. 
Моноциттердің 
эндотелиалды 
жасушаларға 
адгезиясынан кейін және диапедез жолы мен трансэндотелиалды миграция 
арқылы  эндотелиалды  тосқауылдан  өткеннен  кейін,  олар  зақымдалған  тін 
мен 
жұқпа 
ошағына 
қарай 
жылжи 
бастайды. 
Бұл 
жағдайға 
хемоаттрактанттың концентрация градиенті әсер етеді.  
 
Хемоаттрактант  қызметін  микроорганизмдердің  компоненттері  мен 
өнімдері,  деструкцияға  ұшыраған  тіндердің  өнімдері,  комплементтің  С3а 
мен  С5а  фрагменттері,  С5b67  кешені  немесе  хемокиндер  молекулалары 
атқара  алады.  Мұндай  градиент  болмаған  жағдайда  жасушалардың 
қозғалысы  ретсіз  сипатта  болады  және  оны  «спонтанды  миграция»  деп 
атайды. 
Хемоаттрактант 
молекуласы 
мен 
моноцит/макрофаг 
мембранасындағы 
сәйкес 
рецепторлар 
байланысуы 
нәтижесінде 
хемотаксис  басталады,  содан  кейін  активтену  белгісі  трансдукцияға 
ұшырау  салдарынан  жасушаның  цитоқаңқасына  кіретін  актин  нәруызын 
өзгереді.  Жасушаның  пішіні  күрт  өзгереді  және  оның  жалған  аяқтары 
созылыңқы  биполярлы  түрге  жақындау  болады.  Олардың  құрамында 
жасушаның  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  актиннің  микрофиламенттері 
және басқа да нәруыздар кездеседі.  
Жасушасыртылық  материалды  жұтудың  принципиалды  түрде  үш  жолы 
бар: фагоцитоз, пиноцитоз және эндоцитоз (рецептор көмегімен жұту). 
  фагоцитоз  –  бөгде  антигендердің  бөлшектерін  немесе  жасушаларды 
жалған аяқтардың көмегімен жұту; 
  пиноцитоз – цитоқаңқаға тәуелді эндоцитоздың сұйық фазалық түрі; 
  рецепторлық  эндоцитоз  –  манноза  рецепторы  (MMR)  көмегімен 
антигендерді жұту. 
Микроорганизмдерді жұтудың негізгі жолы – фагоцитоз. 
Фагоцитоз  кезінде  макрофаг  жалған  аяқтарын  шығару  арқылы 
фагоцитоз объектісін қоршайды. Жасуша мембранасының мұндай белсенді 
қозғалыстары цитоқаңқаның қайта құрылуына байланысты және бұл үрдіс 
энергияны  қажет  етеді.  Жасуша  мембранасы  фагоцитоз  объектісін 
толығымен қоршайды, сосын оның бүтіндігі қалпына келеді. Ал жұтылған 
объекті  айналасында  вакуоль  –  фагосома  түзіледі.  Фагоцитоз  үрдісі 
жасуша  метаболизмінің  айқын  өзгерістерімен  өтеді:  оттегін  тұтыну  және 
сүт қышқылының өнімі жоғарылайды, глюкозаның метаболизмі күшейеді, 
әсіресе  гексозомонофосфатты  шунт  белсенеді,  мембрана  липидтерінің 
өнімі күшейеді және фагосомаларда цАМФ концентрациясы жоғарылайды. 


 
79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет