Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Тіндік  макрофагтар  ұзақ  өмір  сүретін  жасушаларға  жатады



Pdf көрінісі
бет116/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Тіндік  макрофагтар  ұзақ  өмір  сүретін  жасушаларға  жатады. 
Олардың  өмір  сүру  уақыты  айлар  мен  жылдарға  созылады.  Егер  жұқпа 
немесе  қабыну  ошақтарында  мобилизациясы  болмаса,  олар  көкбауырға 
немесе  лимфа  түйіндеріне  барып  жойылады.  Альвеолярлы  макрофагтар 
өкпенден мұрын жолдары арқылы шығады.  
Макрофагтардың  көпшілігі  дәнекер  тінінде,  шырышты  қабаттармен 
ассоциацияланған  лимфа  түйініндері  мен  лимфоидты  тіндерде,  сонымен 
қатар  мұрын  жолдарының  шырыштарында  да  (өкпенің  интерстициалды 
макрофагтары)  кездеседі.  
Альвеолярлық  макрофагтар  -  өкпенің  иммундық  гомеостазын  ұстап 
тұратын  ең  маңызды  жасушалардың  бірі  болып  есептеледі.  Ерекше 
субпопуляцияны қасиеттері бойынша перитонеалды макрофагтарға жақын 
плевралды макрофагтар құрайды. 


 
77 
Бауырдағы мононуклерлы фагоциттердің өкілі – жұлдызшалы Купфер 
жасушаларының  құрамында  эндогенді  пероксидаза  және  фагоцитоз  бен 
пиноцитоз  қызметтерін  жүзеге  асыра  алатын  біріншілік  лизосомды 
ферменттер бар. 
Орталық  жүйке  жүйесінде  мононуклеарлы  фагоциттердің  негізгі 
қызметтерін  (антигендерді  таныстыру,  фагоцитоз,  цитокиндерді  өндіру, 
цитотоксикалық  әсер  және  т.б.)  микроглия  жасушалары  мен  астроциттер 
атқарады. 
Шеткері  қан  моноциттері  тек  тіндік  макрофагтарға  ғана  емс, 
сондай-ақ  белгілі  факторлардың  қатысуымен  дендритті  жасушаларға 
(ДЖ)  да  дифференцациялана  алады.  Тәжірибелерде  мұндай  факторлар 
қызметін ГМ-КСФ пен ИЛ-4 атқаратыны дәлелденген.  
Макрофагтардың  жетілуі,  дифференцировкасы  және  белсенуі  өсу 
факторларына  (ИЛ-3,  ГМ-КСФ,  М-КСФ)  және  цитокиндерге  (IFN-γ)
 
тәуелді.  
IFN-γ  ең  маңызды  қызметінің  бірі  -  макрофагтардың  эффекторлық 
қызметін 
белсендіру. 
Яғни, 
макрофагтардың 
жасушаішілік 
микробицидтік  және  цитотоксикалық  әсерлерін  күшейтеді,  олармен 
цитокиндердің,  супероксидтік  және  нитроксидтік  радикалдардың, 
проcтагландиндердің  өнімін  жоғарылатады.  IFN-γ  әсерінен  І  және  ІІ 
кластағы  МНС  антигендерінің  экспрессиясы  жоғарылайды,  осыған 
байланысты антигендердің таныстырылу эффективтілігі және олардың Т-
лимфоциттермен танылуы жоғарылайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет