Оттегіне тәуелсіз бактерицидтік негізінен лизосомалардың
құрамы арқылы жүзеге асады. Олар фагоцитарлы вакуольге өткен кезде
антигенге әсер ете бастайтын әртүрлі субстанциялар.
Біріншіден, ол әртүрлі ферменттер. Олар қышқыл ортада
максималды әсер ету қабілетіне жетеді. Бұл ортаның кейбір қоздырғыштар
үшін өзі де бактерицидті екендігін және де каталазды мен пероксидазды
жүйелердің белсенуі үшін қолайлы екендігін ұмытпаған жөн.
Екінші жағынан, лизосомалардың құрамында катионды нәруыз,
лизоцим және лактоферрин сияқты табиғаты бойынша фермент емес
заттар кездеседі.
Фагоцитоз
кезінде
лизосомды
ферменттер
макрофагтардың
мембранасынан сыртқы ортаға біраз бөлінеді. Ол мембрананың
зақымдануы және жасушаішілік қоспаның ағуы салдарынан байқалады,
бірақ лизосомды ферменттер макрофагтың жасушалық мембранасының
зақымдануынсыз да таңдамалы түрде бөлінуі мүмкін. Мысалы, қышқыл
фосфатаза мен катепсин жасуша сыртына жеңіл шыға алады және сол
арқылы микроорганизмдерді жасуша сыртында жою механизмі жүзеге
асады.