Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Макрофагтардың арнайы иммундық жауап кезіндегі



Pdf көрінісі
бет124/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Макрофагтардың арнайы иммундық жауап кезіндегі  
эффекторлық қызметі 
Макрофагтардың  эффекторлық  серпілістерге  қатысатыны  жоғары 
сезімталдықтың  баяу  түрінің  серпілістерінде  көрнекті  көрсетілген.  Бұл 
кезде  инфильтраттарда,  негізінен,  моноциттер  кездеседі,  яғни  олар 
жасушалық  иммунитет  серпілістеріне  (фагоцитарлық  түрдегі  жауап) 
тікелей қатысатындығын дәлелдейді. Макрофагтар эффекторлық жасуша 
қызметін  плазмалық  мембранасындағы  рецепторлық  аппараттың  болуы 
және бірқатар цитокиндер мен биологиялық белсенді заттарды өндіру мен 
бөлуі 
арқасында 
атқарады. 
Моноциттер 
мен 
макрофагтадың 
цитотоксикалық  әсері,  көпшілік  жағдайда,  нысана  жасушамен  тікелей 
байланысуы кезінде бөлінетін лизосомды ферменттердің, сонымен қатар 
басқа цитокиндердің  көмегімен жүзеге асады.  
Осындай  қасиетіне  байланысты  макрофагтар  ісіктерге  қарсы 
иммунитетте  маңызды  рөл  атқарады.  Интактты  жануарлардың  қалыпты 


 
84 
макрофагтары  ісік  жасушаларына  арнайы  цитотоксикалық  әсер  ете 
алмайды.  Ол  эффект  ісік  тасымалдаушы  макрофагтардың  әртүрлі 
иммундық  және  иммундық  емес  факторлардың  әсерінен  белсенуі 
нәтижесінде 
пайда 
болады. 
Нәтижесінде 
лизосомды 
белсенділік, 
фагоцитоз 
бен 
адгезивті 
қабілеттілік 
жоғарылайды. 
Аталған 
цитотоксикалық  эффект  арнайы,  себебі  ісік  тасымалдаушы  макрофагтар 
қалыпты және эмбрионалды жасушаларға цитотоксикалық әсер етпейді.  
Макрофагтар  ісік  жасушаларын  тек  қана  тікелей  жанасу  кезінде  жоя 
алады,  дәлірек  болсақ,  негізгі  рөлді  фагоцитоз  емес,  ісік  жасушаларының 
тікелей  деструкциясы  және  лизосомды  ферменттері  әсерінен  лизиске 
ұшырауы  атқарады.  Ісік  тасымалдаушы  макрофагтардың  цитотоксикалық 
әсері иммунологиялық жағынан қатаң түрде арнайы және макрофагтардың 
осы  цитотоксикалық  әсер  ету  күші  иммундық  Т-киллерлерге  қарағанда 
жоғары болып келеді.  
Макрофагтардың  ісіктерге  қарсы  цитотоксикалық  әсері  нәтижесінде 
ісік антигенін Т-лимфоциттер (Тх1) арнайы «таниды». Белсендірілген Тх1-
жасушалары  макрофагтарды  қаруландырушы  факторды  (МАҒ)  бөлу 
арқылы  макрофагтарды  белсендіреді.  Белсендірілген  макрофагтар  өз 
кезегінде  TNF-α  және  IFN-α  бөле  бастайды.  TNF-α  апоптоз  арқылы  ісік 
жасушаларын  жойса,  IFN-α  олардың  пролиферациясын  тежейді.  Аталған 
цитокиндер  осылайша  вируспен  зақымдалған  жасушалардың  апоптозын 
шақырады және вирустардың репликациясын тежейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет