Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


-ші сурет. Т-киллердің нысана-жасушаға цитотоксикалық



Pdf көрінісі
бет163/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

18-ші сурет. Т-киллердің нысана-жасушаға цитотоксикалық  
әсер механизмі 
 
 
Т-супрессорлар 
70-шi  жылдардың  аяғында  Т-лимфоциттер  арасында  иммундық 
жауапты 
тежейтiн 
жасушалардың 
субпопуляциясы 
бар 
екендiгi 
эксперименттерде  анықталған.  Оларды  Т-супрессорлар  деп  атаған.  Кейбiр 
эксперименттерде 
антидене 
синтезi 
басымырақ 
тежелсе, 
кейбiр 
жағдайларда жасушалық иммунитет серпiлiстерi басымырақ тежелген. 
Кейiнгi 
зерттеулер 
нәтижесiнде, 
80-шi 
жылдардың 
бiрiншi 
жартысында  супрессор  қызметiн  негiзiнен  CD8+лимфоциттер  атқаратыны 
анықталды. 
Сол 
уақыттан 
берi 
CD8+ 
фенотиптi 
лимфоциттер 
субпопуляциясын киллерлер/супрессорлар деп атайды.  
Бұрын  CD8+лимфоциттердiң  екi  жеке  субпопуляциясы  бар  деп 
есептелген:  Т-киллерлер  мен  Т-супрессорлар.  Т-супрессор  негiзiнен  екi 
қызмет атқарады деп санаған:  реттегiш (Т-хелперлердiң қызметiн тежей 
отырып  жасушалық  және/немесе  гуморалдық  иммундық  жауапты  тежеу) 
және иммунологиялық төзiмдiлiктi қалыптастыру және оны сақтап тұру 
(лимфоциттердiң аутореактивтi клондарының қызметiн тежеу арқылы). 
Бернетпен  ұсынылған  табиғи  төзiмдiлiктiң  қалыптасуының  клонды-
дефициттi 
теориясына 
қайшылық 
ретiнде, 
табиғи 
төзiмдiлiктiң 


 
113 
қалыптасуында 
негiзгi 
қызметтi 
шеткерi 
механизмдер, 
яғни 
Т-
супрессорлар  атқарады  деп  есептелiндi.  Олар  аутореактивтi  лимфоциттер 
клонының  пролиферациясы  мен  дифференцировкасын  тежейдi  деп 
саналған. 
Аллергиялық  және  аутоиммундық  аурулардың  пайда  болуында  Т-
супрессорлардың  жетiспеушiлiгiне  басты  рөл  берiлген.  Т-супрессорлардың 
реттегiш  қызметiнiң  бұзылуы    лимфоциттердiң  белгiлi  бiр  клонының  шамадан 
тыс  пролиферациясына  және  гиперэргиялық  иммундық  жауаптың  дамуына 
әкеледi  деп  есептелген.  Бұл  жағдай  клиникада  әртүрлi  аллергиялық  серпiлiстер 
түрiнде көрiнедi. Ал табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуына әкелетiн Т-супрессорлардың 
жетiспеушiлiгi аутоиммундық аурулардың пайда болуының негiзгi себебi ретiнде 
қаралды.  Аллергиялық  және  аутоиммундық  аурулармен  ауыратын  науқастарда 
CD8+ жасушалардың саны төмен болатыны және хелперлi/супрессорлы индекстiң 
(CD4+/CD8+)  немесе  иммундық  реттегiш  индекстiң  жоғарылайтыны  бiрнеше 
рет көрсетiлген. 
Көптеген  эксперименталды  және  клиникалық  зерттеулер  нәтижесiнде 
супрессорлар  субпопуляциясының  түзiлуiнiң  негiзгi  ерекшелiктерi  келесiдей 
тұжырымдалды: 
 Т-супрессорлардың  iзашарлардан  түзiлуi  антигенмен  әсерлесуi  арқылы  жүзеге 
асады, әдетте МНС нәруыздарымен ассоциациясынан тәуелсiз. 
 Меншiктi  нативтi  аутоантигендер  аутореттегiш  Т-супрессорлардың  түзiлуiн 
ынталандыра алуы мүмкiн. 
 Экзоантигендер  организмде  иммуногендi  емес  түрде  немесе  өте  төмен,  немесе 
жоғары концентрацияда болса, Т-супрессорлардың арнайы белсенуiн шақыра алуы 
мүмкiн. 
 Антигендi  анықтағаннан  кейiн  жетiлген  Т-супрессорлар  иммундық  жауаптың 
дамуына  тiкелей  жасушааралық  әрекеттесу  жолы  арқылы  немесе  супрессорлық 
факторлар  көмегiмен  әсер  етуi  мүмкiн.  Кейбiр  супрессорлы  факторларда 
эпитопты  арнайылық  болады.  Супрессорлы  факторлардың  негiзгi  әсер  ету 
механизмi  -  белгiлi  бiр  антигенге  қарсы  иммундық  жауапты  жүзеге  асыратын 
жасуша пролиферациясын тежеу. 
 Т-супрессорлардың  белсенуi  үшiн  антигеннiң  макрофагпен  таныстырылуы 
керек емес. Макрофагтар болмаған кезде антигендер тiкелей Т-супрессорлардың 
белсенуiн шақыруға қабiлеттi. 
Супрессорлы  жасушалардың  аталған  ерекшелiктерi  әлi  толық 
түсiнiктеме бермесе де, қазiргi кезде ғылыми факт болып табылады. Бiрақ 
оны түсiндiру соңғы кезде бiршама өзгердi. Себебi 80-шi жылдардың аяғы 
мен 
90-шы 
жылдардың 
басында 
иммунологияда 
молекулярлы-
генетикалық,  молекулярлы-биологиялық  және  гендi-инженерлiк  әдiстер 
өте кеңiнен қолданды. Аталған әдiстердiң  көмегiмен иммундық жауаптың 
жаңа  медиаторлары  -  цитокиндер,  сондай-ақ  оларға  арналған  рецепторлар 
ашылды және зерттелдi. Соңғы жылдары әртүрлi моноклонды антиденелер 
мен 
рекомбинантты 
цитокиндердiң 
өте 
көп 
мөлшерi 
алынды. 
Лимфоциттердi  клондау  техникасы  дамыды  және  молекулярлы  зондтар 
кеңiнен 
қолдана 
бастады. 
Олардың 
көмегiмен 
цитокиндердiң, 
рецепторлардың, МНС  нәруыздарының  және т.б. өндiрiлуiн қадағалайтын 
гендердiң  экспрессиясын  анықтауға  болады.  Иммунология  аумағындағы 
жаңа  ақпараттар  90-шы  жылдардың  екiншi  жартысында  экспоненциалды 
сипат алды. 


 
114 
Бiрақ,  жаңа  әдiстердiң  көмегiмен  CD8+  Т-супрессорлар  жеке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет