Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет29/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   459
Дендриттік  жасушалар  –  антигенді  таныстырушы  жасушалардың 
екінші  тобын  құрайды.  Олар  аралшықты  мононуклеарлық  жасушалар
Эпителий  тіндерінің  дендриттік  жасушаларын  Лангерганс  жасушалары 
деп  атайды  (жаңа  жіктелуі  бойынша  -  ақ  аралшықты  эпидермоциттер). 
Ағзадағы  жасушалардың  жалпы  саны  жеткілікті  болғанмен,  олар  қанның, 
лимфаның  және  басқа  да  тіндердің  құрамына  кіреді,  бiрақ  диффузды 
таралуына  байланысты  лимфоидтық  мүшелердiң  өздерiнде  (лимфа 
түйіндерінде,  көкбауырда,  барлық  жасушалардың  1%-ын  құрайды) 
концентрациясы аз мөлшерде болады.  
Дендриттік  жасушалар  сүйек  кемігінде  қан  жасаудың  миелоидты-
моноцитарлық  қатарынан  түзіледі.  Цитоплазмадағы  қабатты  қосындылар 
–  Бирбек  түйiршектерi  жасушалардың  морфологиялық  маркерлері  болып 
табылады.  
Дендриттік  жасушалар  макрофагтар  мен  В-жасушаларға  қарағанда 
белсенді  және  олар  иммундық  үрдістерді  iске  қосуда  маңызы  рөл 
атқарады.  Дендриттік  жасушалармен  антигенді  жаулап  алу,  көбінесе 
лимфодтық  мүшелерден  тыс  жүреді.  Антигенді  өңдегеннен  кейін,  олар 
шеткі  лимфа  түйіндердегі  Т-лимфоциттерге  жеткізеді.  Бұл  кезде 
дендриттік  жасушалардың  фагоцитоздық  қабілеті  жоқ,  бірақ  нәруыздар 
мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет