Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет250/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

М Н С 1
М Н С 2
А г
С и н т е з  А т
С и н т е з а  А т н е т
 
 
28-ші сурет. Иммунды жауаптың генетикалық рестрикциялануы 
 
 
HLA-гендердiң полиморфизмы және популяцияда таралуы 
Медициналық  теориялық  және  практикалық  мәселелерi,  сонымен 
қатар «HLA және аурулар» мәселесiн шешуде ең маңызды сұрақ - ол HLA-
антигендерiнiң  популяцияда  таралуы.  HLA-жүйесiнiң  гистосәйкестiк 
антигендерiнiң  таралуы  айқын  заңдылыққа  сүйенедi,  бұл  заңдылықтар 
статистикалық талдау әдiстерiн қолдану кезiнде анықталады. 
Популяциялық талдау белгiлi бiр популяцияда геннiң таралу жиiлiгiн 
айқындауға,  гаплотиптердiң,  фенотиптердiң  локус  ішiндегi  жиiлiгiн 
және  бiр  хромосомада  орналасқан  әртүрлi  локустардың  гендерi 
арасындағы 
генетикалық 
ассоциациясының 
(байланысу) 
жиiлiгiн 
есептеуге мүмкiндiк бередi.  
Популяциялық талдау өткiзу үшiн сау адамдар  (бақылау тобы) мен 
белгiлi  нозологиялмен  науқастанған  адамдар  арасында  HLA-iрiктеу 
өткiзiп, гендер жиiлiгiмен антигендер жиiлiгiн салыстырады.   
Популяциялық  зерттеулердi  екiге  бөледi:  популяцияiшiлiк  –  ауру 
адам  мен  сау  адамдардың  арасындағы  HLA-iрiктеудi  бiр  географиялық 
аймақта  өткiзгенде;  популяцияаралық  –  науқас  адам  мен  сау  адамның 
арасындағы HLA-iрiктеудi әр түрлi географиялық аймақта өткiзгенде.  
Адамдарда  HLA-аллельдердiң  түрлiлiгi  көптеген  (200  миллионнан 
асады)  варианттарын  бередi.  Мысалы,  европеоидтарға    HLA-А1,  HLA-В8, 
HLA-Сw5, негроидтарға – HLA-А23, HLA-А28, HLA-А30, HLA-А34, HLA-
Вw58,  HLA-Вw42,  монголоидтарға  –  HLA-А9,  HLA-А11,  HLA-А24,  HLA-
Аw31, HLA-Вw52, HLA-Bw61, HLA-DR4 HLA-DR9 тән.  
Сонымен қатар, HLA-А30 антигенi 17% зерттелген негроидтерде, 1% 
европеоидтарда  кездеседi,  ал  жапондарда  мүлдем  анықталмаған.  HLA-А1, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет