27-ші сурет. HLA-антигендердің тұқым қуалауының кодоминанттілігі
XX ғасырдың 60-жылдарында иммунды жауаптың гистосәйкестік
антигендерімен байланысқан генетикалық рестрикция феномены
ашылған. Оның негізі бойынша, Т-хелперлер бөгде антигенді тек өз
организмнің HLA II класс антигендерімен комплекс түрінде ғана
тануына кабілеті бар екені анықталған (28-ші сур.).
HLA II класс антигендерi ковалентсіз байланысқан молекулалық
деңгейлері 34 және 28 кД трансмембраналық гликопротеидтен құралған
(α және β-тізбектер) полипептидтерге жатады. Олар жасушаішілік
молекулалық
деңгейі
30
кД
тұратын
трансмембраналық
гликопротеидпен байланысқан.
HLA III класс антигендерге комплемент жүйесінің нәруыздары (С2,
С4 – комплементтiң компоненттерi) мен Вf – пропердин жүйесiнiң В-
факторы жатады. С2 мен пропердиндік фактор – молекулалық деңгейі
100 және 90 кД тұратын протеиндердің бірлікті пептидтік тізбектері
болып келеді. С4 – дисульфидтік көпірмен байланысқан үш тізбектен
тұрады: 95 кД-қ α –тізбек, 75 кД-қ β-тізбек және 30 кД-қ γ-тізбек. Толық
молекуланың деңгейі 200 кД-ға тең.