В-лимфоциттердiң антигенмен байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі бағытта жүреді: антидене түзетiн плазмалық жасушалар мен зерде В-жасушалардың түзілуі. Плазмалық жасушалар – антигенмен жанасқаннан кейiн жетiлген В-
жасушалардан түзiлетiн, қысқа өмір сүретін эффекторлы антиденетүзушi
жасушалар. Плазмоциттердiң сыртқы мембранасында антигендерге арналған рецепторлар болмайды. Бұл жасушалар В-лимфоциттердiң дифференциялануының соңғы пiсiп-жетiлу кезеңi болып табылады. Бiр
плазмалық жасушаның иммуноглобулиндi түзу қарқындығы 1 млн.
молекула/сағ. жетедi. Белсендi антидене бөлу кезеңi біткен соң,
плазмоциттер тіршілігін жояды.