гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген антигендердi байланыстырып, бейтараптайтын антиденелердi түзедi. В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетiнде
антигендерге арналған иммуноглобулиндiк рецепторлар түзiледі. В-
лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары В-жасушалық рецептор (BЖР) деп белгіленеді. Оның негізі ретінде, В-лимфоциттердiң плазмалық
мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулалары болып
табылады (беткей иммуноглобулиндердi slg – surfase Ig деп белгілейді).
Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бiрдей арнайылықтағы рецептор
молекулалары бар. Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лимфоциттер
бос
антигенді
тiкелей
таниды.