ағзасына екінші қайтара түскен соң 15-20 минуттан кейiн дамитын терiлiк, жүйелiк (тыныстық, ас-қорытулық және т.б.) аллергиялық
серпiлiстер жатады. Аллергиялық серпiлiстiң жедел түрi терiнiң күлдiреуi,
бронхоспазм, iшек-қарын жолының бұзылыстары мен және т.б. түрде
көрiнедi. Жедел түрдi серпiлiске анафилаксиялық шок, аллергиялық
есекжем, сарысулық ауру, бронх демiкпесiнiң жұқпалы-емес аллергиялық
түрi, Квинке iсiнуi, жедел аллергиялық гломерулонефрит жатады. Кейiнгi
кездегi тәжiрибелiк зерттеулерi дәлелдегендей жоғары сезiмталдықтың
жедел түрiнiң дамуы патогенезiнде антиденелер негiзгi орын алады,
сондықтан жоғары сезiмталдықтың бұл түрiн тағы В-тәуелдi аллергия деп те атаған.