34-ші сурет. Синдром Ди-Джорджи көрінісі бар науқас бала (J. Kuby. Immunology, New-York, 1994 бойынша)
Бұл синдром нәрестелердiң екi жынысында да кездеседi,
тұқымқуалаушылық жолдары анықталмаған. Тимусы жоқ немесе
дамымаған. Жұтқыншақ қалтасының бөлiгiнен дамитын болғандықтан
қалқанша
маңы
бездерi
де
зақымдалады.
Нәтижесiнде
мұндай
нәрестелерде тырысу симптомына әкелетiн гипокальциемия, жүрек-қан
тамырлар жетiспеушiлiгi және Т-жасушалық иммундық тапшылығының
клиникалық көрiнiстерi дамиды. Нәресте өлiмiнiң негiзгi себебi, ауыр
ағымда өтетiн, бiрiншiден вирустық, сонымен қатар, бактериалды
жұқпалар: некроздық пневмония, колит, пиодермия, пиелонефрит, сепсис
болып табылады.