2. Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз екi жыныстың да адамдарын
зақымдайды, оған аутосомды-рецессивтiктұқымқуалаушылық түрлерi
тән. Патогенезiнiң негiзiнде Т-лимфоциттердiң Candida антигендерiне
селективтiк жауабының тапшылығы жатыр. Бұл кезде гуморалдық жауап
бұзылмаған. Аурудың негiзiнде жатқан, генетикалық ақаудың орналасуы,
белгiсiз. Науқастар 20-30 жыл өмiр сүруi мүмкiн, бiрақ саңырауқұлақ
ауруларына жиi шалдығады (35-ші сур.).
Зертханалық тексеруде: ауыр кандидоз фонында Т-лимфоциттердiң
толық анергиясы (терiлiк сынама бойынша), бiрақ шеткi қанда олардың
мөлшерi қалыпты. Candida антигендерiне лимфоциттердiң бласттық
трансформация серпiлiсi күрт төмендеген, бiрақ ФГА-ға және аллогендi
жасушаларға жауабы қалыпты. Сонымен қатар, лимфоциттердiң және
жұқпаның
қоздырғышы
жоқ
антигендерге
қарсы
өндiрiлген
лейкоциттердiң миграциясын тежеуші фактордың белсендiлiгi қалыпты. В-
лимфоциттердiң және сарысулық иммуноглобулиндердiң деңгейлерi
қалыпты немесе аздап жоғарлаған.
Сөйтiп, созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз Т-лимфоциттердiң
және Т-митогендерге және басқа да антигендерге лимфоциттердiң
бласттық
трансформациялаушы
серпiлiсiнiң
қалыпты
кезiнде,
Т-
лимфоциттердiң белсенденуi және Candida albicans антигендерiне қарсы
цитокиндердiң
өндiрiлуiнiң
азаюы
негiзiнде,
Т-жүйесiнiң
жауап
қайтаруының ақауы нәтижесiнде пайда болады.