Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


  Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз



Pdf көрінісі
бет353/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

2.  Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз 
Созылмалы  шырышты-терiлiк  кандидоз  екi  жыныстың  да  адамдарын 
зақымдайды,  оған  аутосомды-рецессивтiк  тұқымқуалаушылық  түрлерi 
тән.  Патогенезiнiң  негiзiнде  Т-лимфоциттердiң  Candida  антигендерiне 
селективтiк  жауабының  тапшылығы  жатыр.  Бұл  кезде  гуморалдық  жауап 
бұзылмаған.  Аурудың  негiзiнде  жатқан,  генетикалық  ақаудың  орналасуы, 
белгiсiз.  Науқастар  20-30  жыл  өмiр  сүруi  мүмкiн,  бiрақ  саңырауқұлақ 
ауруларына жиi шалдығады (35-ші сур.). 
Зертханалық  тексеруде:  ауыр  кандидоз  фонында  Т-лимфоциттердiң 
толық  анергиясы  (терiлiк  сынама  бойынша),  бiрақ  шеткi  қанда  олардың 
мөлшерi  қалыпты.  Candida  антигендерiне  лимфоциттердiң  бласттық 
трансформация  серпiлiсi  күрт  төмендеген,  бiрақ  ФГА-ға  және  аллогендi 
жасушаларға    жауабы  қалыпты.  Сонымен  қатар,  лимфоциттердiң  және 
жұқпаның 
қоздырғышы 
жоқ 
антигендерге 
қарсы 
өндiрiлген 
лейкоциттердiң миграциясын тежеуші фактордың белсендiлiгi қалыпты. В-
лимфоциттердiң  және  сарысулық  иммуноглобулиндердiң  деңгейлерi 
қалыпты немесе аздап жоғарлаған.   
Сөйтiп,  созылмалы  шырышты-терiлiк  кандидоз  Т-лимфоциттердiң 
және  Т-митогендерге  және  басқа  да  антигендерге  лимфоциттердiң 
бласттық 
трансформациялаушы 
серпiлiсiнiң 
қалыпты 
кезiнде, 
Т-
лимфоциттердiң  белсенденуi  және  Candida  albicans  антигендерiне  қарсы 
цитокиндердiң 
өндiрiлуiнiң 
азаюы 
негiзiнде, 
Т-жүйесiнiң 
жауап 
қайтаруының ақауы нәтижесiнде пайда болады.  
 


 
239 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет