Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Өмір салтының қауыпты факторлары



Pdf көрінісі
бет394/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   459
Өмір салтының қауыпты факторлары 
 
Тамақтану жетіспеушілігінің аздап болуы иммундық реактивтілігінің 
терең  бұзылыстарын  шақырмайды.  Бірақ  созылмалы  ақуыз  –  калорийлік 
жетіспеушілікте фагацитоз активтілігінің төмендеуі байқалады, комплемент 
жүйесі  мен  пропердин  жүйесінің  ақуыз  синтезі  төмендейді,  антиденелер 
синтезі  тежеледі,  перифериялық  қанда  Т  және  В  –  лимфоциттердің  және 
олардың  субпопуляцияларының  саны  азаяды,  жетілмеген  жасушалар  саны 
ұлғаяды. 
Ақуыздық  тапшылық  себептеріне  тамақпен  ағза  ақуыздың  жеткіліксіз 
түсуі  ғана  емес,  сонымен  қатар  гельментоздар,  асқазан  –  шек  жолдарына 
ақуыздар  сіңуінің  бұзылуы  және  осы  ағзалардың  созылмалы  аурулар 
салдарынан  пайда  болатын  бауыр  ішілік  ақуыз  синтезінің  бұзылыстары 
жатады. Сонымен қатар ақуыз тапшылығы күрделі қан кетулерде, күйіктерде 
және  үсіктерде  пайда  болуы  мүмкін.  Ақуыз  тапшылығы,  ұзақ  уақыт  бойы 
парентералды тамақтануда болған науқастарда жиі кездеседі. 
Иммунды  тапшылық  микроэлементтер  жеткіліксіздігі  салдарынан  да 
дамуы  мүмкін:  темір  (темір  құрамдас  ферменттер  активтілігінің  төмендеуі, 
миелопероксидаза  және  оттегінің  активті  түрлерінің  төмендеуі,  Т  – 
лимфоциттер  түрлерінің  тежелуі);  мырыш  (тимус  гипофункциясымен  бірге 
CD4  –  лимфоциттер  санымен  және  олардың  митогендерге  жауабының 
азаюы);  қорғасын;  селен;  кальций  (арахидон  қышқылының  митоболизмінің 
бұзылуы); 
магнит 
(антидене 
синтезінің 
және 
комплемент 
жүйесі 
активтілігінің  бұзылыстары);  литий  (Т  –  лимфоциттер,  әсірісе  CD8 
жасушаларының, жеткіліксіздігі). 
Витаминдер  тапшылығы  гуморалды  және  жасушалық  иммунитеттің 
бұзылуына  әкеледі,  өйткені  В  және  Е  тобындағы  көптеген  витаминдер 
лимфоциттер  метаболизмінің  коферменттері  болып  табылады,  ал  Е  және  С 
витаминдері  –  антиоксиданттар  және  т.б.  Гиповитаминоздар  біріншілік 
иммундық жауаптың тежелуімен (IgM синтезі), Т – жүйесінің функционалды 
көрсеткіштерінің,  фагоцитоз  және  пропердин  –  комплемент  жүйесінің 
активтілігінің төмендеуімен бірге жүреді. 
Гиповитаминозы  бар  науқастар  жұқпалық  аурулармен  жиі  және 
қатты ауырады, созылмалы түрге айналуы және күрделенуі мүмкін. 
Көптеген  жағдайларда  екіншілік  ИТЖ  пайда  болуына  стресс  ерекше 
әсер етеді. ДДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша адамның стресс пайда болуына 
келесі  жағдайлар  әсер  етеді:  интоксикация,  жарақат,  жұқпалы  үрдіс,  ұзақ 


 
және/немесе  ауыр  физикалық  және  психикалық  жүктемелер,  қоршаған  орта 
температурасының күрт өзгерулері, аштық және т.б. 
 
Г.Сельенің  стресс  теориясының  тарихы  50  жылдан  көп  уақыт  бұрын  пайда 
болды.  Адам  организміне  физиологиялық  қалыптан  тыс  әртүрлі  факторлар  әсер 
еткенде  гипофиздің  алдыңғы  бөлігінің  активациясы,  бүйрек  үсті  безі  стероидты 
гормондардың  секрециясының  жоғарлауы,  соның  салдарынан  лимфоидты  ағзалар 
инволюциясы  және  лимфопения  байқалатындығын  дәлелдеген.  Г.Селье  осы 
реакцияны ағзаның қорғаныс күштері мобилизациясының стереотипі көрсеткіш деп 
санаған.  Осы  үрдіс  көп  уақытқа  созылғанда  зақымдаушы  агентке  не  адаптация,  не 
кейбір  жағдайларда  организмнің  өлуіне  дейін  апаратын  резистенттіліктің  толық 
жойылуы  пайда  болу  мүмкін.  Бірақ,  әртүрлі  адамдар  бірдей  стресстік  жағдайға 
әрқалай  жауап  береді.  Бірдей  стрессор  біріншілерді  –  экстремалды  жағдайға, 
екіншілерді – реакцияның орташа деңгейіне әкелеуі мүмкін, ал үшіншілерде реакция 
мүлдем байқалмайды.  
Тимус  және  басқа  лимфоидты  ағзалар  стресстік  әсерге  өте  сезімтал 
болады. Созылмалы түрде өткен стресс салдарынан пайда болатын иммунды 
тапшылық қатерлі ісіктердің, жұқпалардың, аллергиялық және аутоиммунды 
аурулардың пайда болуын жоғарлатады. 
Екіншілік  ИТЖ  –  дың  пайда  болуына  темекі  шегу,  маскүнемдік  және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет