шақырылған әсерлердiң ұзақтығы шектелген, сондықтан белгiлi жағдайларда
вакциналарды қайта енгiзу керек. Әдетте вакцинаны қоздырғыштың табиғи
жұғу жолын имитациялау арқылы енгiзсе оның нәтижесi жақсы болады.
Мәселен, вирустарды (полиомиелит немесе тұмау) ауыз арқылы жiберу,
себебi олар ағзаға iшек немесе тыныс жолдары арқылы түседi және бұл
жағдайда секреторлы IgA түзілуі күштiрек ынталанады. Бiрақ белсендi
иммунизацияны басқа да әртүрлi жолдармен (терiiшілiк, терi астына, бұлшық
етке енгiзу) жүзеге асыруға болады. Сирек жағдайларда белсенді
иммунизация кезiнде сенiмдi иммундық жауапты қалыптастыру үшiн
антигенмен бiрге арнайы емес күшейткiш (адъювант) қолданады.
Сонымен,
белсенді иммунизацияның мақсаты – жұқпаларға қарсы
арнайы
қабылдамаушылықты
қалыптастыру,
ол
антиденелердiң
және/немесе иммунды хабарлы жасушалардың зерде популяциясының
жоғары деңгейде болуымен байланысты. Антиген организмге екiншi рет
түскен жағдайда зерде жасушалары тез пролиферацияға ұшырайды және
қоздырғышқа қарсы иммундық жауапты жылдам қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: