нашақорлық үлкен әсер етеді.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде иммундық жүйеге темекі шегудің
өте зиянды екені дәлелденген. Өйткені темекі шеккен кезде цитотоксикалық
лимфоциттердің қызметтік активтілігі барынша тежеледі. Темекі шеккен
адамдарда қатерлі ісіктердің пайда болу жиілігі (миелоидты лейкемия,
еріннің және ауыз қуысының қатерлі ісіктері, жатыр мойынның қатерлі ісігі
және т.б.) жоғарылайды. Олар вирусты жұқпаларға, оның ішінде ЖИТС –
жұқпасына да жиі шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар темекі шегу көптеген
басқа жұқпалық ауруларға әкелеуі мүмкін, мысалы 37-ші суретте екіншілік
ИТЖ – ға әкелетін негізгі стресстік факторлар берілген.