Вакциналардың негiзгi түрлерi Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер Микроорганизмдердiң антигендiк құрамын өзгертпей патогендiгін
жоюдың ең қарапайым әдiсi – микробты жасушаны өмiр сүру қабiлеттiлiгiнен айыру. Мұндай өлi вакциналарды дайындау кезіндегі
микроорганизмдердi
инактивациялау
барысында
негiзгi
протективтi
антигендердiң ыдырап кетпеуiн қадағалап отыру керек. Қоздырғыштарды
жоғары температураның немесе химиялық қосылыстардың (мысалы фенол)
көмегiмен инактивацияға ұшыратады. Вакцинаның әсерiн күшейту үшiн,
оған әдетте адъюванттарды қосады. Мұндай вакциналарға сүзекке,
тырысқаққа,
қызылшаға,
полиомиелитке
(Солка
вакцинасы)
қарсы
вакциналар жатады.