Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


 Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты



Pdf көрінісі
бет408/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
1. Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты 
вакциналар) 
Рекомбинантты  ДНҚ  технологиясы  антигеннің  бүкiл  нәруызды 
молекуласын  немесе  оның  фрагментiн  қадағалайтын  гендердi  алуға,  оларды 
керектi  векторға  енгiзуге  және  сәйкес  жасушаларда  экспрессиялауға 
мүмкiндiк бередi. 
Соңғы кездерi иммуногендiгi жоғары және патогендiгi жоқ бiрқатар тiрi 
вакциналар 
алынды, 
оларда 
бактериялар 
мен 
вирустардың 
рекомбинантты  түрлерi  қолданады.  Бұл  вакциналардың  иммуногендігі 
жоғары,  ал  патогендігі  мүлдем  жоқ.  Сондай-ақ  олардың  реактогендігі  төмен 
және қорғаныс әсері жоғары.  
Осындай түрдегi вакциналарды вектордың көмегiмен бiр микробтың 
немесе  вирустың  генiн  вируленттiгi  аз  екiншi  бiр  микробқа  немесе 
вирусқа  (мысалы,  сальмонелланың  патогендігі  төмен  штаммына  немесе 
осповакцинаның вирусына) енгiзу жолы арқылы алады.  
Осповакцинасының вирусы және басқа құрамында ДНҚ бар iрi вирустар 
антигенді  нәруызды  қадағалайтын  бөгде  гендердi  клондау  кезiнде  вектор 
қызметiн  атқара  алады.  Бұл  кезде  рекомбинантты  вирус  жануарлар  мен 
дақылдандырушы  жасушалар  үшiн  жұқпалылығын  сақтайды,  ал  вирус  ДНҚ 
енгізілген 
гендер 
қадағалайтын 
антигенді 
нәруыздар 
жұқтырылған 
жасушаларда  өндіріле  бастайды  және  олардың  плазмалық  мембранасына 
орналасады (38-ші сурет).  
Осповакцинасы вирусы негiзiндегi векторлар көптеген гендердi клондау 
үшiн  қолданады,  соның  ішінде  тұмау  вирусының  гемагглютинин  гендерiн, 
везикулярлы  стоматиттiң  вирусының  гликопротеидiн,  адам  иммундық 
тапшылық  вирусының    gp120  нәруызын,  қарапайым  герпес  вирусының  D 
гликопротеидiн және т.б. клондау үшiн қолданады. 


 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет