Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет407/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Жасанды вакциналар 
Синтетикалық пептидтердi вакцинация үшiн қолдану 
Вакциналардың  бұл  түрін  алу  үшін  көбiне  иммунологиялық  жағынан 
микробтық және вирустық антигендердің эпитоптарына сәйкес келетiн 
пептидтiк  фрагменттердi  синтездеу  арқылы  жасанды  вакциналарды 
алуға  болады.    Мұндай  синтез  техникалық  жағынан  күрделi  емес,  әрi  арзан. 
Иммуногендiктi  жоғарылату  үшiн  пептидтердi  Т-тәуелдi  антигендердiң 
тасымалдаушысымен  конъюгациялайды  және  адъювант  қосады.  Ол  үшiн 
кейбiр 
жағдайларда 
пептидтi 
фрагменттердi 
мурамилдипептидпен 
байланыстырады. 


 
Синтетикалық 
пептидтерде 
аминқышқылдары 
қажеттi 
тәртiпте 
орналасса  да,  оның  спонтанды  үшiншi  құрылымы  антигеннiң  алғашқы 
конформациясын  қайталай  алмайды,  сондықтан  вакцинацияның  тиімділігін 
төмендейтiнiн ескеру керек. 
Қазiргi көзқарастар бойынша көптеген  нәруызды детерминанттар үзiлiп 
орналасқан,  яғни  нәруыздың  алғашқы  қатарында  амин  қышқылдарының 
қалдықтары  бiр-бiрiнен  алшақ  орналасқан,  бiрақ  полипептидтiк  тiзбектiң 
иiлуi  нәтижесiнде  олар  бiрiгедi.  Мұндай  жағдайда  алғашқы  құрылымның 
фрагментi  болып  табылатын  пептидтер  детерминантаның  бiр  бөлiгiн 
имитациялай  алады.  Мұндай  детерминанттарды  жасанды  жасау  мәселесінiң 
шешiмi  рентгендi  құрылымдық  талдау  мен  бағытталған  мутагенез  әдiстерi 
көмегiмен  үзiлген  детерминанттарды  анықтауға  және  олардың  құрылымен 
зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Соңғы  жылдары  бұл  мәселенi  антиген 
молекулаларының  құрылымын  компьютерлiк  талдау  арқылы  шешуде.  Осы 
саладағы 
ең 
алғашқы 
зерттеу 
жұмыстарын 
профессор 
Лернердiң 
басқаруымен  америка  ғалымдары  80-шi  жылдардың  басында  тұмау,  аусыл 
және  В  гепатитiне  қарсы  жасанды  вакциналарды  дайындаған  кездерi 
жүргiзген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет