Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Тiрi аттенуацияланған вакциналар



Pdf көрінісі
бет404/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Тiрi аттенуацияланған вакциналар 
Тiрi аттенуацияланған вакциналарды алу үшін қоздырғышты белгілі бір 
жұқпаға  сезімтал  жануардың  организмінен  тыс  жерде  ұзақ  уақыт 
дақылдандыру  нәтижесiнде  алады.  Мысалы,  микроорганизмдердi  бiрнеше 
рет  пассаж  жасау  арқылы  (сары  қызба  вирусы),  арнайы  қоректiк  орталарда 
(БЦЖ) 
немесе 
экстремалды 
жағдайларда 
дақылдандыру 
(жоғары 
температура,  ультракүлгiн  немесе  иондаушы  сәуле,  мәселен,  ол  Bacillus 
anthracis  үшiн),  сондай-ақ  спонтанды  мутанттарды  сұрыптау  жолы  (Yersinia 
pestis) арқылы дайындау.  
Тiрi  вакциналардың  негізгі  артықшылығы  –  аттенуацияланған 
қоздырғыштардың  көбею  және  тiндерге  қарай  миграциялану  қабiлеттiлiгi 
болады, нәтижесiнде антигендiк стимул мен иммундық жауап күшейедi.  
Басқа  артықшылығына  жергiлiктi  иммунитеттің  қоздырғыш  көбейген 
тiнде  ғана  дамитыны  жатады.  Мысалы,  салға  қарсы  өлi  вакцинаны 
парентералды жолмен енгiзген кезде мұрын-жұтқыншақта IgA түзілмейді. Ал 


 
интраназалды  енгiзгенде  тиімді  иммундық  жауап  қалыптасады,  бiрақ  ол  2 
айдан  кейiн  жойылады.  Сонымен  қатар  тiрi  аттенуацияланған  вируспен 
пероралды  иммунизация  жасаған  кезде  мұрын-жұтқыншақта  IgA  деңгейi 
тұрақты  түрде  жоғары  болады.  Сонымен,  алдын  ала  егулер  өздерiнiң 
эффективтiлiгiн ұзақ уақыт сақтайды (10-15 жыл шамасында).  
Тiрi  вакциналардың  мысалына  қызылшаға,  эпидемиялық  паротитке, 
сары  қызбаға,  салға  (Сейбин  вакцинасы),  қызамыққа,  туберкулезге  (БЦЖ) 
қарсы  вакциналарды  жатқызуға  болады.  Бұл  вакциналар  аурудың 
субклиникалық түрiн және тиімді қорғанысты шақырады. 
Тірі  және  инактивацияланған  вакциналар  арасындағы  айырмашылықты 
екі  поливакцина  мысалында  жеңіл  байқауға  болады.  Екі  вакцинаның  да 
өзіндік  жақсы  жақтары  бар.  Олардың  дайындалуын  зерттеу  жұмыстары 
АҚШ-та    бір  уақытта  басталды,  бірақ  өлтірілген  вирусты  Солка  вакцинасы 
бірінші  болып  пайда  болды,  сондықтан  АҚШ-пен  кейбір  Еуропа  елдерінде 
жақсы  қабылданды.  Аталған  вакцина  арқасында  АҚШ-та  сал  ауруы 
толығымен  элиминацияланды,  ал  Швецияда  ауру  жойылды.  Тірі  вирусты 
вакцина  –  Сэйбин  вакцинасы  бұрынғы  ССРО  мен  Шығыс  Еуропа  елдерінде 
бірінші  болып  сынақтан  өтті.  Оның  нәтижесі  күтпеген  жерден  біршама 
жоғары  болды.  Сондықтан  Сэйбин  вакцинасы  бірнеше  жылдың  ішінде 
көптеген  елдерде  қолданып  жүрген  өлі  вакцинаны  ығыстырып  шығарды. 
Оның  артықшылықтарына  пероралды  енгізу,  бағасының  арзан  болуы 
(антигенді  масса  саны  аз  кетеді),  адъюванттарды  қолдану  қажет  еместігі, 
тиімді  жергілікті  иммунитеттің  (IgA  мен  IgG  өндіріледі),  күшті  жасушалық 
иммундық жауаптың және ұзақ мерзімді иммунитеттің қалыптасуы жатады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет