14 кесте. Денi сау адамдардағы иммуноглобулиндердiң көрсеткiшi Егер де иммунограмманың бiр немесе бiрнеше көрсеткiштерi қалыпты
деңгейiнен төмен болса, осыған негiзделе отырып, адамда иммунды
тапшылық жағдай бар деп айтуға бола ма? Жоқ, себебi бұл уақытша серпiлiс
әртүрлi сыртқы әсерлерден болуы мүмкiн, сондықтан да иммунограммада
анықталған өзгерiстiң қаншалықты тұрақты екенiн бiлу үшiн, зерттеудi 2-3
аптадан кейiн қайталау қажет.
Иммунологиялық көрсеткiштiң төменеуi ағзаның қорғаныс қызметiнiң
төмендегенiн көрсетедi, яғни ол клиникалық көрiнiстермен мiндеттi түрде
байқалады.
Қандағы
фагоцитоздық
жасушалардың
функционалды
белсендiлiгiнiң және санының төмендеуi созылмалы iрiңдi серпiлiсi бар
науқастарда жиi кездеседi. Белгiлi аурулардың iшiндегi ең ауыр жағдай –
ЖИТС-тiң вирустық ауруларында Т-лимфоциттiң ақауы көрiнедi. Адамның
иммунды тапшылық вирусы тек Т-хелперлердi таңдап зақымдайды,