Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет451/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
 
 
 
Аллергиялық аурулардың диагностикасы 
Бүгiнгi  күнде,  халықтар  арасында  аллергизацияның  жайылуына  және 
гельминтоз  жиiлiгiнiң  жоғарылауына  байланысты  IgE  мөлшерiн  анықтау 
маңызды.  
Қалыпты жағдайда қан сарысуында IgE мөлшерi жоғары болмауы керек. 
IgE  қалыпты  деңгейi  әртүрлi  халықтар  тобының  популяциялар  арасында 
айырмашылықтар  болуы  мүмкiн  (ер  адамдарда  IgE  деңгейi  20-дан  60  жас 
аралығында 380 МЕ/мл, ал сол жастағы әйелдер арасында - 175 МЕ/мл жетуi 
мүмкiн).  Бiрақ  келтiрiлген  көрсеткiштердi  жуықтап  қолдануға  болады,  және 
әр  зертханаларда,  қан  сарысуындағы  Ig  E  қалыпты  концентарциясының 
шекарасын  есептеу  туралы  кеңес  берiледi.  Мысалы,  Алматы  қаласында  сау 
адамдардың  сарысулық  IgE  деңгейi  шамамен  40  МЕ/мл  құраған,  ал 
Будапештте - шамамен 135 МЕ/мл құрайды.  
Сарысулық  IgE  өте  жоғары  концентрациясы  паразитарлық  ауруларда 
байқалуы  мүмкiн.  IgE  деңгейiнiң  жоғарылауы,  аллергиялық  риниттер, 
атопиялық  бронх  демiкпесi,  атопиялық  дерматит,  жүйелi  анафилаксия, 
ангионевротикалық iсiну сияқты аллергиялық аурулары бар науқастарда жиi 
кездеседi. 
Белгiлi  бiр  антигенмен  кездескеннен  кейiн,  қалыпты  IgG  немесе  IgM 
кластарының  орнына  жоғары  мөлшерде  IgE  өндiрiлу  қабiлетi  генетикалық 
детерминанттылық  белгiсi  болып  табылады  және  кейбiр  жағдайда 
жанұясының  бiреуiнде  кездеседi.  Осындай  генетикалық  ерекшелiгi  бар 
кейбiр  адамдарда  аллергиялық  ауру,  мысалы,  бронх  демiкпесiнiң  дамуына 
әкеледi.  Қан  сарысуында  IgE  деңгейiнiң  жоғарылауын  анықтаған  жанұяда, 
аурудың  дамуын  болжауға  болады.  Кейбiр  жағдайда  атопия,  көбiнесе, 
моносенсибилизация  кезiнде,  аурудың  айқын  симптомына  қарамастан,  IgE 
деңгейi  аз  мөлшерде  жоғарылауы  немесе  деңгейi  қалыпты  болуы  мүмкiн. 
Ересек  адамдардың  қан  сарысуында  Ig  E  концентрациясының  келесi 
көрсеткiштерi тән: 
 
IgE  концентрациясы  25  МЕ/мл  тең  немесе  одан  төмен  болуы  – 
атопиялық аурудың бар екенi күмәндi; 
 
IgE  концентрациясы  25-100  МЕ/мл  шамасында  –  атопиялық  ауруды 
жоққа шығаруға болмайды; 
 
IgE  концентрациясы  100  МЕ/мл  жоғары  –  атопиялық  аурудың  болуы 
күмәнсiз,  себебi,  аллергенге  арнайы  IgE  меншiктi  мөлшерi  жоғары  және 
базофилдер  рецепторына  арнайы  және  арнайы  емес  IgE  аз  бәсекелестiгiмен 
түсiндiрiледi.   
   Аллергиялық  аурулардың  диагностикасында  келесi  лабораторлық 
әдiстер қолданады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет